Версия для печати

Тұрғындар тарапынан 144 өтінім түскен Избранное

Среда, 22 Январь 2020 03:53 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2246 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Еңбекші ауданының әкімі Ғалымжан Ильясовтың тұрғындар алдында есеп беру кездесуі №24 мектеп-лицейде қорытындыланды.

еңбекші әкім

Ғалымжан Молдабайұлы есепті кезеңде атқарылған негізгі жұмыстарды баяндап, 2020 жылда жүзеге асатын шаруалардан хабардар етті.

– Қала әкімінің тапсырмасымен шалғайдағы елдімекендердің инфрақұрылымын жақсартуға баса назар аударылып отыр. Биыл көпқабатты тұрғын үй аулаларында 64 үйдің ауласын абаттандырып, балалар ойын алаңшаларын орнатамыз. Нәтижесінде осы жылы абаттандырылған аулалар саны 90 пайызға жетеді. Сонымен қатар, биыл ауданда 8 көше жарықтандырылады. 54 шақырым жолға асфальт төселіп, 18 шақырым аяқ жол салынады, – деді Ғ.Ильясов өз есебінде.

Жиында тұрғындар тарапынан инфрақұрылым, абаттандыру, көп қабатты үйлердің ауласын жарықтандыру мен ойын алаңшаларын салу, қоғамдық көлік мәселелері көтерілді.
Тоғыс тұрғын алабы ардагерлер кеңесінің төрағасы Ермаханбет Түктібаев Б. Момышұлы көшесінің сол жағын, Желтоқсан көшесін асфальттауды өтінді. Базарқақпа елдімекені ардагерлер кеңесінің мүшесі Жұпаркүл Жанарова Жамалов көшесін, Садовой көшесін асфальттау қажет екенін жеткізді. Тоғыстағы мұнайбарлаушылар көшесі тұрғындарының айтуынша, аумаққа спорттық кешен салынған. Енді көшені асфальттап, абаттандыру керек.

Тұрғындарды мазалайтын бір мәселе – көшелерге атау беру және тақтайша ілу. Шаңырақ шағынауданы тұрғындары үйлерге тақтайшалар қашан ілінетіні туралы сауал жолдады. Көшелерге жаңа атаулар берілген, алайда тақтайшалар әлі ілінбеген.

еңбекші фото

Жібек жолы көшесі 32 үй тұрғыны ауладағы бос жерге спорт алаңшасын салып беруге назар аударды. Ал Күншығыс шағынауданы тұрғындары 54 бағытты қайта жүргізсе дейді.
Аудан әкімі мәселелер кезең-кезеңімен шешілетінін жеткізді. Ғалымжан Молдабайұлының айтуынша, тұрғындар алдында өткен бес есепті кездесуде жалпы 144 сұрақ, өтініш келіп түскен. Соның 55-не толыққанды жауап берілсе, қалғаны бақылауға алынған.

Тағабай ҚАСЫМ

Л. Гумилев атындағы ЕҰУ-дің 2010 жылғы түлегі. 2012-2013 жылдары облыстық «Оңтүстік Рабат» газетінің, 2014-2016 жыл аралығында республикалық «Спорт» газетінің тілшісі қызметін атқарды. 2013 жылдың тамыз айынан бері «Шымкент келбеті» газетінде тілші болып жұмыс істейді.