Ербол Садыр – қала әкімінің бірінші орынбасары Избранное

Среда, 12 Февраль 2020 03:49 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2148 раз

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Садыр Ербол Әбілхайырұлы қала әкімінің орынбасары қызметінен босатыла отырып, қала әкімінің бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

ербол

Ербол Әбілхайырұлы 1973 жылы туған, білімі жоғары, мамандығы бойынша экономист.
Еңбек жолын 1994 жылы Созақ аудандық орталық ауруханасы бас дәрігерінің экономика жөніндегі орынбасары болып бастаған.

1995-2009 жылдары Созақ ауданы әкімшілігі экономика бөлімінің бас маманы, меңгерушісі, экономика, шағын және орта бизнесті қолдау, кәсіпкерлікті қолдау және дамыту жөніндегі бөлімдерінің меңгерушісі, облыстық кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі басқарма басшысының орынбасары, облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы инвестициялық саясат бөлімінің басшысы, Оңтүстік Қазақстан облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы қызметтерін атқарған.

2013-2017 ОҚО әкімінің орынбасары, Түркістан облысы әкімінің орынбасары болған.
2019 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарып келді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.