Жауын-шашын салдары жойылды

Среда, 26 Февраль 2020 03:51 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2381 раз

Шымкентте қатты жауын-шашыннан қала аумағында бірнеше көшелер мен тұрғын үйлердің аулаларына су жиналған.

чс

Мамандар дер кезінде әрекет етіп, жиналған суды шығарған. Бұл туралы Шымкент қаласының төтенше жағдай қызметі хабарлайды.

24 ақпанда қала аумағынан 10 мекенжайдан су жиналғаны туралы хабарлама түскен. Атап айтқанда, Абай ауданында «Самал-3», «Ақтас» шағынаудандары, Еңбекші ауданында 4 көше бойында, Қаратау ауданында «Қайтпас-1», «Сайрам», «Нұртас» шағынаудандарында жұмыстар жүргізілген.

Аталған жұмыстарға қалалық төтенше жағдай департаментінің өрт сөндіру бөлімдерінің жеке құрамынан 54 адам, 10 техника, 11 мотопомпа жұмылдырылған. Су басқан көшелер мен тұрғын үйлердің аулаларынан 252 т.м су шығарылған.

Осы орайда, мамандар тұрғындарды үйдің жанынан өтетін, аула ішіндегі арықтарды тазалап, қоқыс тастамауға шақырады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.