Версия для печати

Жаңа емхананың жаңаша мүмкіндіктері Избранное

Пятница, 20 Март 2020 18:47 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 3090 раз
Оцените материал
(0 голосов)

45

Шымкент қаласы «Ақжайық» шағынауданында «Otau Med» атты жаңа емхана ашылды. Оның ашылу лентасын Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Садыр мен «Отау групп» компаниясының басшысы, белгілі меценат Қайрат Молдасейітов қиды.

Заманауи үлгіде салынған емханаға Ербол Әбілхайырұлы оң бағасын берді.
— Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті-Елбасы Жолдауында берілген тапсырмаға сәйкес медицина саласын жақсарту бағытында жұмыстар қолға алынуда. Соның негізінде медициналық нысандардың жақын маңда болуына көңіл бөлінбек. Осыған орай әкімдік тарапынан бағдарлама жасалынып, қалаға қанша емхана қажеттігі анықталды. Шымкент емханаларында тіркелген тұрғындар саны қазір белгілі мөлшерден асып кеткен. Мәселен бір емханаға 50-80 мың адамнан тіркеледі. Осы жүктемені азайтудың бір жолы – жаңа емдеу мекемелерін ашу. Жоспар бойынша Шымкентке жиырмадан астам емхана қажет. Олардың құрылысына атсалысуға инвесторларды шақырдық. Бұл ұсынысқа 9 кәсіпкер үн қатты. Соның бірі – «Отау групп» компаниясы. Инвесторлардың қаржысына салынған бұл екінші емхана. Алғашқысы «Атамекен» корпорациясының инвестициясына тұрғызылды. Бұдан бөлек тағы екі емхана бой көтермек. Қалған бесеуінің құрылысы басталды. Ол үшін құжаттар әзірленіп, тиісті жер телімдері бөлініп берілді,-деді Е.Садыр.
Жаңа емханада шағынаудан тұрғындары тегін медициналық көмек бағдарламасы аясында ем қабылдай алады. Сонымен бірге емдеу мекемесіне 25 мыңдай адамды тіркеу жоспарда тұр. «Otau Med» емханасы соңғы үлгідегі заманауи медициналық құралдармен жабдықталған. Мұнда ем-дом шараларын жүргізуге цифрлық медицина әдістері де қолданылады.
Өз кезегінде «Отау групп» компаниясының басшысы, Шымкент қалалық кәсіпкерлер палатасы өңірлік кеңесінің төрағасы Қ.Молдасейітов материалдық тұрғыда мұқтаж азаматтарға қолұшын беру мақсатында палатада арнайы Қор құрылғанын жеткізді. Кәсіпкер осы Қорға алғашқы болып 20 млн теңге аударды. Елдегі оқиғаларға байланысты қиындықтарға тап болған жандарға Қордан көмектер беріледі. Бүгінгі таңда әкімдіктің әлеуметтік сала мамандарымен жәрдем көрсетудің жолдары қарастырылып жатыр. Алдағы аптадан бастап жағдайы төмен азаматтарға материалдық көмектерді үлестіру басталады.

 

Ә.НҰРЖІГІТҰЛЫ

Последнее изменение Воскресенье, 22 Март 2020 19:25
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.