Коронавирусқа қарсы – профилактикалық шаралар күшейді

Пятница, 20 Март 2020 19:00 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 634 раз

заласызданЕлімізде жарияланған төтенше жағдайға байланысты үшінші мегаполисте сақтық шаралары қатаң қолға алынды.

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаменті мен оның құрылымдық бөлімшелерінде коронавирусты инфекцияның алдын алу үшін аумақтар мен нысандарды дезинфекциялауға кірісті. Бұл жұмысқа санитарлық-эпидемиологиялық қызмет қосылған, ол арнайы құралдарды пайдалана отырып, өрт техникасын, үй-жайлар мен жабдықтарды мұқият дезинфекциялауда.
Бұдан бөлек, қала аумағында жаппай залалсыздандыру жұмыстары жүруде. Абай, Әл-Фараби, Еңбекші, Қаратау ауданы аумағында көпқабатты тұрғын үйлер, тұрмыстық қалдық тастайтын орындар, ғимараттардың іші-сырты, аялдамалардың дезинфекциялануы жіті назарда.
Абай ауданы әкімі аппаратының ұйымдастыруымен құрылған арнайы жұмысшы тобы аудан аумағындағы ірі сауда орындары мен базарларда дизинфекциялау жұмыстарының жүргізілуін тұрақты қадағалауда. Қаратау ауданы әкімдігі аталған жұмыстарға аудан аумағындағы көпқабатты үйлерге қызмет көрсетуші сервистік мекемелерді түгелімен жұмылдырған. Әкімдік мамандарының мәліметінше, күні бүгін барлығы 62 қоқыс алаңшасы залалсыздандырылған. Ал Әл-Фараби ауданы аумағындағы негізгі көшелердің бойын «Лтд Тұрмыс» ЖШС тарапынан дезинфекция жұмыстары жүргізілуде.

 

 

Последнее изменение Воскресенье, 22 Март 2020 19:22
Айгүл КЕРІМҚҰЛОВА

2004жылы ОҚГА журналистика факультетін бітірген. Еңбек жолы «Шымкент келбеті» газетінде басталған. «Ұстаз жаршысы», «Денсаулық құпиясы», «Оңтүстік Рабат» газеттерінде, «Отырар» телеарнасында жұмыс істеген. 2017 жылдың тамыз айынан бастап  қалалық «Шымкент келбеті» саяси-қоғамдық газетінің тілшісі.