Қауіпсіздік шаралары күшейтілді Избранное

Среда, 01 Апрель 2020 07:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 450 раз

11

Шымкент қаласының әкімі М.Әйтеновтың тұрғындарға үндеуі

Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары!

Коронавирустың тез таралуы тұрғындардың денсаулығына қатер төндіруде.
Бүкіл әлемде вирус жұқтырғандар саны 700 мыңнан асты. Індеттен қаза тапқандар саны әлемде 34 мың адамға жақындады.
Қазақстанда да 294 адам (30 наурызға дейін) қауіпті дертті жұқтырды. Шымкент қаласында 2 адам тіркеліп, бір елді мекен карантинге жабылды.
Республиканың өзге аймақтарына Шымкент арқылы өтетін транзитті жолаушылар көп. Олардың саны тәулігіне шамамен 200 мың адам. Бұл жағдай індеттің таралу қаупін арттырып отыр. Сол себепті Шымкент қаласында 31 наурыз күні сағат 21.00-ден бастап қосымша шектеу шаралары енгізіледі.

БІРІНШІДЕН, қалаға кіретін барлық жолдар жабылады.
Автокөліктердің қалаға кіруі мен шығуына тыйым салынады.
Тек транзитті жүк көліктері мен тіршілікті қамтамасыз ететін арнайы автокөліктерге рұқсат беріледі.

ЕКІНШІДЕН, адамдар жақын қарым-қатынаста болған кезде вирустың тез таралатыны дәлелденген. Сол себептен қала аумағында бетперделік режим енгізуге мәжбүр болып отырмыз. Барлық азаматтар медициналық бетперде киюге міндетті.


Құрметті шымкенттіктер!

Бұл шаралардың барлығы адамдардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін қабылданды. Аса қажеттілік болған жағдайда бетперде киіп, қауіпсіздік талаптарын сақтауға тиіспіз.
Қала әкімдігі індеттің таралуының алдын алу үшін барлық шараларды қабылдап жатыр. Алайда, бұл – жеткіліксіз.
Бүгінгі қиындықтарды әрбір азамат қауіпсіздік талаптарын саналы түрде орындаған жағдайда ғана жеңе аламыз.
Баршаңызды түсіністік танытуға шақырамын.

30 наурыз 2020 жыл

Последнее изменение Среда, 01 Апрель 2020 07:16
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.