Өңірлік штабтың отырысы өтті Избранное

Пятница, 03 Апрель 2020 06:11 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1789 раз

штаб

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі өңірлік штабтың кезекті отырысы өтті. Онда қала аумағында қауіпсіздік шараларын күшейту, стратегиялық нысандардың дайындығын арттыру, мекеме қызметкерлері мен тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

Қала әкімі Мұрат Әйтенов төлемдерге байланысты барлық құжаттарды қабылдау, түсіндіру жұмыстары электронды түрде жүргізілуі тиіс екенін және тиісті мекемелерге көпшілікке үгіт-насихат жұмыстарын күшейтуді тапсырды.
Карантинге дейін стратегиялық маңызды нысандарда жұмыс істейтін мамандарды жұмыс беруші өндіріс аумағында еңбек етуіне жағдай жасауы керек. Ол үшін нысан аумағында арнайы жатақхана жабдықтап, қызметкерлерін сол жерлерге орналастыруына болады. Бұл құрылыс пен өндірістің қажеттілігіне байланысты.
Дегенмен бірінші кезекте күшейтілген күзет пен қауіпсіздікті сақтау ескертілді.
Азық-түлік дүкендері мен базарлардағы сауда қатарлары санитарлық нормалар бойынша жұмыс істейді.
Қала әкімі тиісті сала жетекшілеріне блок-бекеттерді көбейту туралы тапсырма берді. Сондай-ақ, қаладағы «Сергек» бейнекамерасы ахуалдық орталыққа қосылып, жағдай сол камералардың көмегімен бақылауға алынады.
Бекітілген ережеге сәйкес, қалаға ешкім кіріп-шықпайды. Өйткені Шымкенттің аумағы үлкен, халық саны миллионнан асады. Сондықтан жұрт шоғырланған жерде қауіп пен тәуекел көп.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.