Бағаны көтерген базарлар жабылады Избранное

Пятница, 03 Апрель 2020 06:15 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1691 раз

91467913 2491492441163707 2728682470785417216 n

Бағаны негізсіз көтеріп, тазалықты сақтамаған базарлар жабылады. Бұл туралы қала әкімі М.Әйтенов көтерме базарларды аралау барысында мәлімдеді.

Қала әкімі алдымен «Жібек жолы» базарында болып, саудагерлермен жүздесті. Сатып алушылардан баға жөнінде сұрады. Көтерме сауда базарында соңғы күндері азық-түлік бағасының 30-40 теңгеге төмендегені байқалады. Оны сатушы мен сатып алушылар да растап отыр.
Атап айтар болсақ, картоп 60 теңгеден бастап 130 теңгеге дейін саудалануда. Пияз – 60-90 теңге аралығында, сәбіз 40-100 теңгеден сатылуда. Қырыққабаттың келісі 45-90 теңгеден, қызылша 70-100 теңгеден, тұрып 45-80 теңгеден сатылып жатыр.
Ал қала орталығындағы «Қазыбек» көтерме базарында біршама бағаның тұрақтанғаны байқалады.
Тиісінше биылғы өнімдердің бағасы арзандаған. Атап айтар болсақ, жергілікті қияр 350 теңгеден сатылуда.
Қала әкімі базарға келген әр тұрғынның шағымын жеке-жеке тыңдап, бағаны тұрақтандыру үшін атқарылып жатқан жұмыстарды түсіндірді. Ең бастысы билік өкілдері базарды аралаған кезде бағаны арзандатып, одан кейін көтеріп жіберген орындардың жазаланатынын жеткізді.
Мұрат Әйтенов кәсіпкерлерді осындай қиын-қыстау кезінде пайда тауып қалуды ойламай, елге мейлінше қол ұшын беруге шақырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.