Дәрігерлер – бүгінгінің батырлары Избранное

Среда, 08 Апрель 2020 05:37 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2883 раз

врачтар

ШЫМКЕТ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МҰРАТ ӘЙТЕНОВ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАЛАРДЫҢ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

Бұл туралы ол өзінің Instagram әлеуметтік желісінде жария етті.

– Бірінші мақсат - олардың барлық қажеттіліктермен қамтамасыз етілгенін анықтау, ТЖ режимінде қызметкерлердің қалай жұмыс істейтінін білу және ең бастысы – осы қиын уақытта дәрігерлерді қолдау. Мысалы, №5 емханада жұмыс сауатты жасалған. Барлық процестер автоматизацияланған. №6 және №7 емханаларда аздаған кемшiлiктер бар, бірақ оларды оңай шешуге болады.
Мен бүгін 24/7 режимінде жұмыс істейтін дәрігерлердiң оптимизм сақтайтынына көз жеткіздім. Ал бүгін олар қазiргi күннің нағыз қаһармандары. Олар бірінші болып соққы алады. Өздеріне қауiп төнiп тұрса да, олар күндіз және түнде қауіпті жаумен күреседі. Олар бізді қауіптен қорғау үшін туыстарын да көрмейді. Мен қаламыздың барлық тұрғындарының атынан оларға “Рахмет!» айтамын, - деді әкім өз жазбасында.
Өз сөзінде шаһар басшысы қала тұрғындарына сақтық шараларын барынша күшейтуді, сондай-ақ тазалық пен ұқыптылыққа ерекше мән беріп, үйде болуға шақырды.

 

Шымкент қаласы
төтенше
жағдай штабы

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.