Версия для печати

ЖАҢА АУРУХАНАНЫҢ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ Избранное

Среда, 08 Апрель 2020 05:56 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2187 раз
Оцените материал
(0 голосов)

1

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов шаһарда салынып жатқан 200 орынды аурухана құрылысымен танысты.

Төтенше жағдай кезінде науқастарды қабылдайтын госпиталь тез құрастырылатын материалдардан тұрғызылады. Оған қажетті құрылыс заттары толықтай отандық. 400-ге жуық жұмысшы жергілікті жерден тартылған.
Қала әкімі карантин кезінде жұмысшыларды арнайы автобуспен тасымалдау, қауіпсіздік шараларын сақтау және ауыр жүк көліктерінің тәулік бойы құрылыс заттарын тоқтаусыз жеткізу мәселесінде кедергі болмауын жауаптыларға жүктеді.
Арнайы аурухана стационар, жансақтау сынды бірнеше бөліктен тұрады. Және онда медицина қызметкерлері жатып жұмыс істейтін жай салынып, оған қажет мамандар іріктеліп алынады.
Бұл ретте уақытша аурухананың жабдықталуы мен санитарлық-эпидемиологиялық жағдайы белгіленген нормативтерге толық сай болады.
Мұндағы бүкіл ұйымдастыру жұмыстарын Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасы үйлестірмек.
– Модульдық госпиталь санитарлық эпидемиологиялық талаптарға сай, қала құрылысы нормативтері мен архитектуралық заңнама толықтай сақталған. Бұл тұрғындарға қауіпті емес. Госпиталь инфекциялық аурулардың алдын алуды жақсартатын болады, – дейді Шымкент қалалық жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері Амангелді
Ергешбекұлы.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.