Сәуірдегі қардан соң... Избранное

Пятница, 10 Апрель 2020 04:10 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1724 раз

512

Шымкентте 8-9 сәуірде жауын-шашын арты қарға ұласатыны туралы алдын алу ескерту жарияланған болатын. Нәтижесінде қарқынды жауған қардың салдарынан ағаштар құлап, кейбір аудандарда жарық сөнді.

2020 жылғы 9 сәуірде жауған қардың салдарынан Шымкент қаласы аумағында көптеген ағаштар құлап, электр желілері үзілді. Сегіз мыңға жуық абонент электр жарығынсыз қалды.
Төтенше жағдайдың зардабын жоюға қаладағы коммуналдық қызметтер мен төтенше жағдайлар департаментінің 111 техникасы мен жеке құрамнан 600 адам, сондай-ақ «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС-ның 24 апатты қалпына келтіру бригадасы жұмылдырылды.
Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша 5800 абонент авариялық қызметтердің көмегімен қайта электр жүйесіне қосылды. Қалған 12 нүктедегі 2200 абонентке электр қуатын беру жұмыстары жалғасын тапты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.