ЖЫЛЫЖАЙҒА БАСЫМДЫҚ БЕРІЛМЕК Избранное

Среда, 22 Апрель 2020 02:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1745 раз

Алдағы бірер жылда Шымкент маңайында жылыжай шаруашылығы дамиды. Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің жергілікті шаруалармен жүздесуінде айтылды.

Жабық жылыжай кешендердің көлемін арттыру мақсатында «Оңтүстік» көліктік логистикалық аймағынан 136 гектар жер қарастырылыпты. Оның 100 гектары өнеркәсіптік кешен болады. Қалғанын инфрақұрылым қамтиды.
– Жоба жүзеге асса мыңдаған жаңа жұмыс орны ашылып, жұрт жыл он екі ай көкөніспен қамтылатын болады, – дейді қалалық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Асқар Қаныбеков.
Ал, Логистикалық аймақта қолға алынған алғашқы инвеститциялық жобаның құны 2,3 млрд тгеңгені құрайды. Мемлекеттік жеке меншік әріптестік аясында «Taza onim» шаруа қожалығы 9 гектар жерге жылыжай салып жатыр. Оның 3 гектары бітіп, шаруалар 370 тонна өнім алып үлгеріпті. Көкөніс толықтай жергілікті нарыққа сатылған. Қалған 6 гектары жыл соңына дейін бітеді. Қожалық жергілікті 30 адам тұрақты және 20 адамды ауыспалы жұмыс орнымен қамтыған. Кешеннің жанынан жұмысшылар үшін арнайы жатақхана да салынып жатыр екен.
Қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы шаруашылық өндірген өнімді жергілікті базарларға тікелей жеткізіп беру жағын қарастыруды тапсырды. Жылыжайдан шыққан өнімнің келісі 400 теңгеден босатып жатыр. Бұл отандық өнімінің сатылу құнын реттеп, жергілікті халықтың көкөністі делдалсыз сатып алуына мүмкіндік береді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.