«СӘУЛЕДЕ» 6 көшеге жол төселеді Избранное

Среда, 29 Апрель 2020 01:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2230 раз

94906154 223428282412359 7534113390193541120 n

«Сәуле» шағынауданына қарасты 276-орамдағы жол мәселесі биыл шешіледі. 6 көшеге тас төселіп, жарық пен ауыз су рет-ретімен тартылады. Бұл туралы орамды аралап көрген қала әкімі Мұрат Әйтенов айтты.

– Жыл басында халық алдындағы есепті жиында жол мәселесі ерекше айтылған еді. Біз уәдемізді орындаймыз, – деді қала басшысы.
Жалпы бұл орам – қала құрамына енген 41 елдімекеннің бірі.
– Бастапқыда орамда тіпті топырақ жол да болған жоқ. Электр желісін жұрт шама-шарқынша тартып алған еді. Ауыз суды тасып ішетінбіз. Қала аумағына еніп, ерніміз суға жарыды, – дейді орамның төбе биі Ережеп Шерметов.
Бүгінде орамға бағаналар тартылып, ауыз су мен жолдың құжаты әзірленген. Мұндағы ең өзекті мәселелер биыл шешілмек. Кезінде тас төселмей қалып кеткен көшелер де тіркеуге алынуда.
– Қаладағы жол жөндеу жұмыстарына биыл бюджеттен 25 млрд теңгеден астам қаржы бөлінген. Бұл – қомақты қаражат. Оны уақытында әрі мақсатты игеруіміз қажет, – деген қала әкімі жауапты мамандарға нақты міндеттер жүктеп, Шымкент қаласының құрамына енген 41 елдімекеннің инфрақұрылым мәселесі қайта қаралатынын айтты.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.