ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҚТАРЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ Избранное

Среда, 13 Май 2020 03:13 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 9011 раз

12 мамырдан бастап Шымкентте шағын және орта бизнес өкілдері үшін халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысын бастады. Бұл шешімді Шымкент қаласының төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі штабы қабылдады.

Дүйсенбі мен жұма аралығында сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін кәсіпкерлер ХҚО-да жылжымалы/жылжымайтын мүліктің кепіл шартын және оның қосымшасын тіркей алады.
Азаматтардың көптеп жиналуын болдырмау үшін ХҚО тек әкімдіктен алдын-ала берілген, несиелендіру бойынша оң шешім алған ұйымдардың тізіміне сәйкес жұмыс істейді. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік қызметтердің уақытылы әрі сапалы көрсетілуі үшін бизнес өкілдерінен құжаттардың толық пакетін бірден ұсынуға кеңес береді және ХҚО-да ЭЦҚ мен анықтамалар берілмейтінін ескертеді.
– 12 мамырдан бастап ХҚО-ға тек заңды тұлғалар бара алады. Ал қала тұрғындары мемлекеттік қызметтерді онлайн режимде алуды жалғастырады. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтердің 80% -дан астамы egov.kz порталында қолжетімді екенін ескертеміз. Порталды пайдалану үшін ЭЦҚ болуы шарт. Электронды цифрлық қолтаңбаны бүгінде порталда қашықтан рәсімдеуге болады»,- дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Шымкент қаласы бойынша филиалының директоры Данабек Исабеков.
Санитарлық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында ХҚО-ға кезектің уақытын брондау үшін egov.kz порталы немесе 1414 нөміріне қоңырау шалу арқылы белгілуге болады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарына барған кезде қашықтықты сақталады және медициналық бетперделердің болуы міндетті.

Заңды тұлғаларға қызмет көрсететін ХҚО мекенжайлары:

1. Абай аудандық ХҚО, Мәделі Қожа көшесі, 1/16Г

2. Әл-Фараби аудандық ХҚО, Ә. Жангелдин көшесі, 13А

3. Еңбекші аудандық ХҚО, Шығыс м.а., 116/1

4. Қаратау аудандық ХҚО, Төлеметов, көшесі, 35

Последнее изменение Среда, 13 Май 2020 03:16
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.