ШАҺАРДА 300 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛАДЫ Избранное

Пятница, 15 Май 2020 02:50 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2195 раз

аула

Шымкентте жыл басынан бері 57 аула абаттандырылып, ел игілігіне берілді. Оның ішінде 30 жылдан бері балалар алаңшасы болмаған көпқабатты тұрғын үйдің аулалары да бар.

Ондағы аяқжолдар жаңғыртылып, есік алдына орындықтар орнатылып, жарық шамдар қойылған. Ішкі орамдағы жолдар да төселген. Балалар алаңшасына төселетін жұмсақ резеңке төсеніштер мен асфальт бұзылса, мердігер ұйымдар қайта жөндейді. Бір қуанарлығы, құрылысқа қажетті заттардың басым бөлігі – отандық. Ең бастысы сапаға мән беріліп отыр.
Мемлекеттік және жекеменшік әріптестік аясында жыл соңына дейін тағы 300 ауланы жөндеу жоспарланған. Ал, 2021 жылы 319 аула қайта жаңғыртылмақ. Бұған қоса спорт алаңдарын түгелімен жаңарту жоспарда бар.
Атап айтар болсақ, биыл Абай ауданында 107 ауланы абаттандыру жұмыстары жоспарланған. Әл-Фараби ауданында 83 ойын алаңы мен 18 спорт алаңшасын құру межеленген. Ал, келер жылы 109 ойын алаңы мен 7 спорт алаңшасы құрылмақ.
Еңбекші ауданында 83 аула абаттандырылған, 6 ашық спорт алаңшасы құрылмақ. Келер жылға жылы 9 ашық спорт алаңшасын құру жоспарланған.
Ал биыл Қаратау ауданында 57 аула абаттандырылып, 20 ашық спорт алаңы құрылды. Жыл соңына дейін тағы 8 аула пайдалануға беріліп, 10 ашық спорт алаңшасын салу жоспарда бар. 2021 жылы осы ауданда 58 аула қайта жаңғыртылмақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.