Қала келбеті қақпадан басталады Избранное

Среда, 20 Май 2020 02:24 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 233 раз

AAA 0177 копия

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Шымкенттің оңтүстігінен кіреберістегі көпірдің қасбетін өзгерту мәселесін мамандармен талқылады. Сонымен қатар, Республика даңғылы бойында жүріп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарының барысын қарап шықты.

Қазіргі таңда мұнда әрлеу және жарықтандыру жұмыстары жүріп жатыр. Осы жылдың сәуір айында басталған күрделі жөндеу ісіне қазынадан 2 млрд 400 млн теңге қарастырылған. Шымкент қаласының Оңтүстік қақпасы саналатын даңғыл бойында жүріп жатқан бұл шаруалар «Береке» корпорациясына жүктеліпті. Қала әкімі Мұрат
Дүйсенбекұлы мердігер компанияға атқарылатын істің сапасына аса назар аударуды тапсырды.
– Республика даңғылындағы жөндеу жұмысының не үшін жүргізіліп жатқанын түсіндіре кетейін. Көптеген тұрғын бұл мәселеге сынмен қарауда. Байқасаңыздар, жолдың бөлу жолағының бір шетіне су қашырғыш құбырлар, екінші жағына лоток орнатылуда. Құбыр қойған себебіміз, оның үстіне веложол салынады. Сол себепті, асфальтті жаңбыр суы көбіне лотокқа қарай құйылатын етіп төсейміз. Жауын-шашын кезінде су сол арнаға құйылады да, жолды су басу қаупі болмайды. Бұл жүйені Байтұрсынов көшесінде байқап көрдік. Соңғы жауын кезінде жұмысы аяқталмаған екі аумақты қоспағанда мұнда су басу жайты болған жоқ,– дейді қала әкімі.
Айта кетейік, Республика даңғылының екі бағытында да 4 жолақты жол қарастырылған. Ұзындығы 5,2 шақырымды құрайтын көпір мен даңғылдың күрделі жөндеу жұмыстарына бүгінде 150 жұмысшы жұмылдырылған. Бұл шаруаны 2021 жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.