1000 ШАҚЫРЫМ алқапта МИНЕРАЛДЫ ЖОЛАҚ ЖЫРТЫЛДЫ Избранное

Среда, 27 Май 2020 04:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 225 раз

Минералды жолақ

Қала аумағындағы орман қоры жерлеріндегі 406 шақырым алқапта минералды жолақ жыртылған. Бұдан бөлек, егістік алқаптарында 400 шақырым, республикалық маңызы бар жолдардың бойында 65 шақырым және жергілікті автомобиль жолдарының бойында 315 шақырым өртке қарсы жолақ жыртылған.

Бұл туралы қала әкімі Мұрат Әйтеновтің төрағалығымен Шымкент қаласының аумағында орман және дала өрттерін алдын алу бойынша онлайн режимде өткен жиында төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Н.Дербісов мәлімдеді.
– Өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстары сапалы болуы үшін енін кемінде 7 метр етіп жүргізу қажет. Орман-дала өрттерін дер кезінде сөндіру мақсатында аудан әкімдіктері тиісті елді мекендерде 527 адамнан тұратын 52 өрт сөндіру тобын құрды. Олар 94 бейімделген қосалқы техникамен, 22 өрт сөндіру мотопомпасымен және қолда бар өрт сөндіру құралдарымен жабдықталған. Орман және дала өрттері орын алған жағдайда дер кезінде сөндіру үшін бір соқалы трактормен бірге 3 тонна суы бар тіркемелі бөшкелер мен 4 уақытша бақылайтын өрт сөндіру бекеттері құрылды, – деді департамент басшысы.
Бұдан бөлек, ол Шымкент қаласында өрт саны өткен жылмен салыстырғанда 20 пайызға, ал адамдардың қаза болуы 40 пайызға азайғанын айтып өтті.
Өрт қауіпі жоғары маусымның таяп тұрғанын айтқан қала басшысы аудан қала әкімдеріне өз аумақтарында ерікті өрт сөндіру жасақтарын құру жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Сонымен қатар, Шымкенттің жаз айлары өте ыстық, өрт қауіпі жоғары өңір екеніне тоқталған әкім, өрт оқиғасы орын алған жағдайда бірінші кезекте сол ауданның басшысы жауап беретіндігін ескертіп өтті.
Жиынды қорытындылаған Мұрат Дүйсенбекұлы аудан аумағында орналасқан барлық заңды тұлғалар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, бақылауды күшейтуді жүктеді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.