Шымкент қаласы Бас санитариялық дәрігерінің қаулысы Избранное

Воскресенье, 31 Май 2020 04:30 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 229 раз

Шымкент қаласы           №19              30 мамыр 2020жыл

Шымкент қаласының Бас

мемлекеттік санитариялық

дәрігерінің қаулыларына

өзгерістер мен толықтырулар

енгізу және карантин

кезеңінде нысандардың

жұмысын қайта бастау туралы

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабы 1 тармағының 13 тармақшасының негізінде, 2020 жылғы 22 мамырдағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №37 БМСДҚ «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» (әрі қарай - №37 ҚР БМСДҚ) қаулысына, 2020 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №38 БМСДҚ  «2020 жылғы 22 мамырдағы №37 БМСДҚ-на толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің»  (әрі қарай - №38 ҚР БМСДҚ) қаулысына, Қазақстан Республикасының аумағында коронавирустық инфекцияның алдын алу және таралуына жол бермеу бойынша ведомствоаралық комиссияның 2020 жылғы 29 мамырдағы отырысының (селекторлық режимде) хаттамасына сәйкес, Шымкент қаласының тұрғындары арасында COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. 1.Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы  01 маусымынан бастап күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимін сақтаумен келесі нысандардың жұмысы қайта басталсын:
  2. 3 тармақтың 4 тармақшасының күші жойылсын;
  3. 3 тармақтың 18 тармақшасының күші жойылсын;
  4. 3 тармақтың 22 тармақшасының күші жойылсын;
  5. 2 тармақтың 2 тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын: «шектеусіз аулаларға, саябақтарға, алаңдарға, скверлерге, жағалауларға бетперделік режимді және әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып баруға рұқсат етіледі;

1) жаттығу залы, фитнес клубтар, сауналар, моншалар, SPA салондар №37 ҚР БМСДҚ-ның №8, № 42 қосымшаларынасәйкес (№38 ҚР БМСДҚ-на енгізілген өзгерістерді ескере отырып);

2) көрермендердің қатысуынсыз спорттық және мәдени нысандар №37 ҚР БМСДҚ-ның №8 қосымшасынасәйкес (№38 ҚР БМСДҚ-на енгізілген өзгерістерді ескере отырып) және №37 ҚР БМСДҚ-ның №9 қосымшасына сәйкес;

3) ұжымдық, мерекелік және салтанатты іс-шараларды өткізбестен (құдалық, туылған күн, мерей тойлар және басқалар) 50 орынға дейін қоғамдық тамақтану орындары және жазғы алаңдар №37 ҚР БМСДҚ-ның №17 қосымшасынасәйкес;

4) топта 15 адамға дейін қосымша білім беру, оның ішінде мектептен тыс ұйымдары (дамыту орталығы, үйірмелер, курстар) №37 ҚР БМСДҚ-ның №40 қосымшасынасәйкес (№38 ҚР БМСДҚ-на енгізілген өзгерістерді ескере отырып);

5) халыққа қызмет көрсету және жұмыспен қамту орталықтары осы қаулының №1 қосымшасына сәйкес;

6) автокөлік сататын және мал базарлары осы қаулының №2, №3 қосымшаларына сәйкес;

7) мектепке дейінгі ұйымдарда 20 баладан аспайтын (жасына қарай) кезекші топтар №37 ҚР БМСДҚ-ның №14 қосымшасынасәйкес (№38 ҚР БМСДҚ-на енгізілген өзгерістерді ескере отырып);

8)  теміржол вокзалы №37 ҚР БМСДҚ-ның №12 қосымшасынасәйкес (№38 ҚР БМСДҚ-на енгізілген өзгерістерістерді ескере отырып).

2.  Шымкент қаласының аумағында 2020 жылы 02 маусымнан бастап күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимін сақтаумен автовокзалдар, автостанциялар жұмысын қайта бастасын №37 ҚР БМСДҚ-ның №8 қосымшасынасәйкес (№38 ҚР БМСДҚ-на енгізілген өзгерістерді ескере отырып).

3.  Шымкент қаласының аумағындағы барлық топтағы нысандар үшін жұмыс уақыты бөлек көрсетілген жағдайды қоспағанда сағат 06:00-ден сағат 21:00-ге дейін белгіленсін.

4.  Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 10.05.2020 жылғы №17 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

5. Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 24.05.2020 жылғы №18 қаулысына келесі өзгерістермен толықтырулар енгізілсін:

2) 3 тармақтың 2 тармақшасы мынандай редакцияда жазылсын:

«кинотеатрлардың, түнгі клубтар, сауда-ойын-сауық кешендері, орталықтары, үйлері жанындағы балалардың ойын алаңдарының, мұз алаңдарының, батут және фудкорттардың, жұмсақ балмұздақ сататын нысандардың, жұмсақ балмұздақ жеткізіп беретін нысандарды қоспағанда, жәрменкелер;

3) 3 тармақтың 4 тармақшасының күші жойылсын;

4) 4 тармақ келесі тармақшамен толықтырылсын: «4) сауықтыру лагерлері оның ішінде мектеп жанындағы лагерлер жұмыс істеуіне тыйым салынсын».

6. Шымкент қаласының аудан әкімдеріне, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығына және аумақтық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармаларының басшыларына:

  1. жұмысын қайта бастаған нысандарға санитариялық-дезинфекциялық және санитариялық-карантиндік талаптардың сақталуына мониторинг жүргізуді қамтамасыз етсін;
  2. карантин кезінде қабылданған талаптарды орындамаған және кемшіліктер анықталған кезде Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес жауапкершілікке тарту бойынша шара көрілсін.

7. Шымкент қаласы әкіміне, Шымкент қаласының полиция департаментінің бастығына 2020 жылдың 1 маусымынан бастап регионаралық блок - посттар алынсын.  

8.  Меншік түріне қарамастан барлық жеке және заңды тұлғалармен Қаулының орындалуы міндетті.

           9. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

10. Осы Қаулы 2020 жылғы 01 маусымынан бастап күшіне енеді.

                                             

                                             Шымкент қаласының

                                             Бас мемлекеттік

                                             санитариялық дәрігері                          А.ТУЛЕБАЕВ

 

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 30 мамырдағы

№ 19 қаулысына

 №1 қосымша

 

Халыққа қызмет көрсету, жұмыспен қамту орталықтарындағы эпидемияға қарсы режим алгоритмі

Нысандарға кіру:

- кіреберісте жұмыскерлердің және келушілердің дене температурасын бақылау (ресепшн, күзет пункті), COVID-19 жоққа шығармайтын симптомдардың (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.) болуын сұрау;

- температурасы жоғары және инфекциялық ауру белгілері бар адамдардың жұмыс орнында болуына жол бермеу;

- кіреберісте, холлда, дәліздерде әрбір 50-100 м сайын, лифттерге кіреберісте, санитариялық тораптарда тері антисептигі бар санитайзерлер орнату;

- адамдар жиналуы мүмкін «күту аймағын» болдырмау, олардың арасында кемінде 1,5 метр қашықтықты сақтауды барынша қамтамасыз ету;

Жұмыс процесін ұйымдастыру:

- іргелес аумақты таза ұстау және сақтау, қоқысты уақтылы шығаруды қамтамасыз ету, аптасына 1 рет «санитариялық» күн өткізу;

- үй-жайларды жинауға және қызметкерлердің қолын өңдеуге арналған дезинфекциялық құралдардың, тыныс алу ағзалары ЖҚҚ-ның азаймайтын (кемінде бес күндік) қорын қамтамасыз ету;

- санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамды анықтау (жұмыс күні ішінде температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, бетперделерді, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен инвентарды өңдеу, үй-жайларды тазалау);

- жұмыскерлер арасында жеке/өндірістік гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу;

- қолғаптарды, бетперделерді/респираторларды жұмыс күні ішінде уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;

- әрбір 2 сағат сайын келушілерге қызмет көрсеткен жұмыс орындары мен тұрмыстық үй-жайларды желдету;

- есіктің тұтқаларын, ажыратқыштарды, таяныштарды, сүйеніштерді, жанасатын беттерді (жабдықтарды, инвентарды, үстелдерді, орындықтарды), ортақ пайдаланылатын орындарды (киім ілетін орындарды, тамақ ішу, демалу бөлмелерін, санитариялық тораптарды) міндетті түрде дезинфекциялай отырып, кейіннен 15 минут желдете отырып, ауысымына кемінде 2 рет дезинфекциялау арқылы өндірістік және тұрмыстық үй-жайларды ылғалды жинау;

- профилактикалық тексеру (сүзгілерді ауыстыруды, ауа өткізгіштерді дезинфекциялауды қоса алғанда) жүргізе отырып, желдету жүйелері мен ауаны баптау жүйелерінің үздіксіз жұмысы;

- техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекциялауды жеке қорғаныш құралдарын (қолғаптар, бетперде) пайдалана отырып, арнайы киіммен жүргізуі қажет;

- дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі.

- жинау инвентары (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін жақсы жуылады және арнайы бөлінген орындарда сақталады.

Аумақты және үй-жайларды күтіп ұстау:

- объектілердің аумағы мен барлық үй-жайлар таза ұсталуы, күн сайын қоқыс пен ластан тазартылуы тиіс;

- барлық үй-жайларды жинау жуу және дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, күн сайын ылғалды тәсілмен жүргізіледі және желдетіледі;

- СОVID-19 бойынша эпидемиологиялық жағдай күрделенген кезеңде асханалар, буфет және дәретханалар күн сайын дезинфекциялау құралдарын пайдалана отырып жиналады;

- жиһазды, терезенің алдын, шкафтарды, есіктің тұтқаларын, компьютерлердің клавиатураларын (жиі жанасатын орындар) кемінде 2 рет дезинфекциялау құралымен сүрту қажет;

- дезинфекциялау жүргізу үшін белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында тіркелген және қолдануға рұқсат етілген және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің мемлекеттік тіркеу туралы куәліктерінің бірыңғай тізіліміне енгізілген құралдар қолданылады;

- дезинфекциялау үшін вирусқа қарсы тиімділігі бар құралдар қолданылады;

- дезинфекциялау құралдары вирустық инфекциялар кезінде дезинфекциялау режимі көрсетілген оларға қоса берілген нұсқаулықтарды қатаң сақтаған кезде қолданылады;

- үй-жайларды және жабдықтардың жекелеген түрлерін (тамақтанатын үстелдер, ыдыс-аяқ, панельдер, есіктер, терезелер, еден) жуу және өңдеу үшін бөлек шүберек көзделеді;

- дезинфекциялау құралдарының жұмыс ерітінділерін дайындау арнайы бөлінген орында жүзеге асырылады. Дезинфекциялау құралдары өнім берушінің ыдысында (қаптамасында) заттың атауы, оның мақсаты, заттаңбадағы жарамдылық мерзімі көрсетіле отырып сақталады. Ыдыстың заттаңбасы дезинфекциялау құралын сақтаудың (пайдаланудың) барлық кезеңі ішінде сақталады;

-  дезинфекциялау құралдарын бөгде адамдарға беруге және оларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді;

-  беткейлерді дезинфекциялау үшін кейіннен жабатын қақпағы бар қоқыс контейнеріне кәдеге жарата отырып, бір рет қолданылатын сулықтарды (үстелдер, есік тұтқалары, кушеткалар және т. б.) пайдалану керек;

- техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекциялауды жеке қорғаныш құралдарын: халат, қолғап, медициналық маска пайдалана отырып жүргізуі қажет;

- дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімі жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі;

- жинау инвентары (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланғаннан кейін жақсы жуылады және арнайы бөлінген орындарда сақталады.


Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 30 мамырдағы

№ 19 қаулысына

 №2 қосымша

 

Автокөлік базарларының жұмыс алгоритмі

Нысандарға кіру:

- кіреберісте жұмыскерлер мен сатушылардың және келушілердің дене температурасын бақылау, COVID-19-ды жоққа шығармайтын симптомдардың болуын сұрау (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.);

- кіреберісте, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлер орнату;

- жүргізілген/алынған қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп айырысу үшін (карталар, телефондағы қосымша) жағдайларды барынша қамтамасыз ету;

- персонал мен келушілерге арналған бетперделерді міндетті түрде кию.

Жұмыс процесін ұйымдастыру:

- санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамды анықтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, маскаларды, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен инвентарды өңдеу, үй-жайларды тазалау);

- жұмыскерлер арасында жеке/ гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу;

- санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз ету (сұйық сабын, антисептика);

- сатып алушылар арасында бір метрден кем емес әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 5 адамнан артық кезектің пайда болуына жол бермеу, бір уақытта қызмет көрсетілетін келушілер санын шектеу;

- іргелес аумақты таза ұстау, қоқысты уақтылы шығаруды қамтамасыз ету, аптасына 1 рет «санитариялық» күн өткізу;

- техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекциялауды жеке қорғаныш құралдарын (қолғаптар, бетперде) пайдалана отырып, арнайы киіммен жүргізуі керек;

- жинау инвентары (шелектер, щеткалар, шүберектер) пайдаланылғаннан кейін жақсылап жуылады және арнайы бөлінген орындарда сақталады;

- қолғаптарды, бетперделерді/респираторларды жұмыс күні ішінде оларды уақтылы ауыстыру шартымен пайдалану;

- әрбір 2 сағат сайын жұмыс орындары мен келушілерге арналған үй-жайларды желдету;

- үй-жайларды жинауға, қызметкерлердің қолын өңдеуге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының, тыныс алу ағзалары ЖҚҚ-сының  азаймайтын (кемінде бес күндік) қорын қамтамасыз ету;

- дезинфекциялау құралдарымен жұмыс істеуге денсаулық жағдайы бойынша қарсы көрсетілімдері жоқ кәмелетке толған адамдар жіберіледі;

- дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйінде сақтайды. Дезинфекциялық іс-шараларды және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмекті жүргізу кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігерінің

2020 жылғы 30 мамырдағы

№ 19 қаулысына

 №3 қосымша

 

Мал базарларының жұмыс алгоритмі

Нысанға кіру:

- кіреберісте жұмыскерлер мен сатушылардың және келушілердің дене температурасын бақылау, COVID-19-ды жоққа шығармайтын симптомдардың болуын сұрау (құрғақ жөтел, жоғары температура, тыныс алудың қиындауы, ентігу және т. б.);

- кіреберісте, санитариялық тораптарға кіреберісте тері антисептигі бар санитайзерлер орнату;

- персонал мен келушілерге арналған бетперделерді міндетті түрде кию.

Жұмыс процесін ұйымдастыру:

- санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауға жауапты адамды анықтау (температураны өлшеу, персоналға нұсқама беру, жеке қорғаныш құралдарын уақтылы ауыстыру, дезинфекциялау, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалау, нұсқама жүргізу журналын жүргізу, бетперделерді, респираторларды, сулықтарды кәдеге жарату, жабдықтар мен инвентарды өңдеу, үй-жайларды тазалау);

- жұмыскерлер арасында жеке/ гигиена ережелерін сақтау және олардың мүлтіксіз сақталуын бақылау қажеттілігі туралы нұсқама жүргізу;

- санитариялық тораптарды жеке гигиена құралдарымен қамтамасыз ету (сұйық сабын, антисептика);

- іргелес аумақты таза ұстау, қоқысты уақтылы шығаруды қамтамасыз ету;

- техникалық персонал (жинаушылар) дезинфекциялауды жеке қорғаныш құралдарын (қолғаптар, бетперде) пайдалана отырып, арнайы киіммен жүргізуі керек;

- үй-жайларды жинауға, қызметкерлердің қолын өңдеуге арналған дезинфекциялау және жуу құралдарының, тыныс алу ағзалары ЖҚҚ-сының  азаймайтын  қорын қамтамасыз ету;

-  дезинфекциялау құралдарын дайындаушының қаптамасында, балалардың қолы жетпейтін арнайы бөлінген құрғақ, салқын және қараңғыланған жерде тығыз жабылған күйінде сақтайды. Дезинфекциялық іс-шараларды және кездейсоқ улану кезіндегі алғашқы көмекті жүргізу кезіндегі сақтық шаралары әрбір нақты дезинфекциялау құралы үшін оларды қолдану жөніндегі нұсқаулықтарда жазылған.

Последнее изменение Воскресенье, 31 Май 2020 04:50
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.