Версия для печати

ЕЛТАЙДА ҮЙЛЕР САЛЫНА БАСТАДЫ Избранное

Пятница, 05 Июнь 2020 04:38 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2149 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласындағы Елтай тұрғын алабында табиғи апаттың салдарынан бүлінген 5 үйдің іргетасы қаланды. Құрылысты «Bi Group» компаниясы өз қаржысы есебінен жүргізеді. Қазіргі таңда мердігер мекеме тарапынан құрылыс-монтаж жұмыстары басталды.

69

 

Қала әкімі Мұрат Әйтенов Елтайға арнайы барып, салынып жатқан үйлердің құрылысымен танысты. Қала басшысы құрылысты жүргізіп жатқан құрылыс компаниясына алғыс айтты.
Осы айдың соңында аяқталуы жоспарланған үйлердің өлшемі – 11х11 метр, аумағы 112.36 шаршы метр. Қабырғасы газблоктан салынып, шатыры профнастилден жабылады. Жоба бойынша ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары да жүргізіледі.

70


Мұрат Дүйсенбекұлы су басып өткен аулалар мен көшелерді аралап көріп, ондағы тұрғындармен кездесті. Су тасқынынан шығынға ұшыраған тұрғындарға «Шымкент қайырымды қала» әлеуметтік қорынан тиісті көмек көрсетілетінін және барлық құрылыс жұмыстары аяқталған соң тұрғын алаптағы бас көшеге асфальт жол төселетінін айтып өтті.
Жергілікті тұрғын Батырхан Жаңабаев қолдау көрсетіп жатқан барша қызметкерлерге алғысын білдіріп, кезінде демеушілер есебінен салынған Тоғыс өзенінен өтетін Елтайдағы екінші көпірді жөндеп беруін сұрады. Қала әкімі көпір салу бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетінін және қаржы бөлу бойынша мәслихатқа ұсыныс хат енгізілетінін жеткізді.
Тұрғын алапты аралап шыққан соң әкім табиғи апаттың алдын алу және болдырмау мақсатында сала жетекшілеріне қашыртқы каналдар жүйесі жобасын әзірлеуді тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.