ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ Избранное

Пятница, 05 Июнь 2020 04:40 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 197 раз

Шымкент қаласының Төтенше жағдайлар департаментінің жеке құрамы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың салдарын жою жұмыстарына белсенді қатысып, міндеттерін абыроймен атқарып келеді.

72

 

Осыған орай Шымкент қаласындағы мамандандырылған жасақ алаңында қызметтік міндеттерін адал атқарып, жетістікке жеткен 9 қызметкер марапатталды. Сонымен қатар
Қазақстан Республикасы ІІМ ТЖК Көкшетау техникалық институтының 2020 жылғы жас түлектері онлайн-режимде оқуды бітіріп, алғашқы арнаулы атақтарын да алды.
Марапаттау рәсімінде Шымкент қаласы ТЖ департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Нұрболат Дербисов сөз сөйлеп, өрт сөндірушілер мен құтқарушылар бірінші кезекте өз міндеттерін абыроймен атқаратынын айтты. Олардың жұмысын бағалап, ҚР ІІМ ТЖ комитеті тарапынан Алғыс хаттар табыстады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.