Тілсіз жаудың тұзағынан сақтан... Избранное

Среда, 10 Июнь 2020 03:39 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2419 раз

Жыл басынан бері қала аумағында орман және дала өрттері тіркелмеген. Бұл тілсіз жаудан келер қауіп жоқ деген сөз емес. Төтенше жағдайлар департаменті мегаполис тұрғындары мен қонақтарына қауіпсіздікті сақтау шараларына баса назар аударуын, өз өмірлеріне селсоқ қарамауын айтып, дабыл қағуда. Бұл жөнінде ақпараттық-коммуникация орталығында өткен брифингте сөз болды.

Баспасөз жиынында қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Н.Дербісов қала аумағындағы орман-дала өрттерінің алдын алу және дер кезінде өрт сөндіру іс-қимылдарын жасау бойынша атқарылып жатқан шараларға тоқталды.
– Болуы мүмкін орман және дала өрттерінің алдын алу мақсатында сәуір-мамыр айларында қала аумағында, жалпы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында 65 шақырым, жергілікті автомобиль жолдарының бойында 315,2 шақырым, орман қоры жерлерінде 406 шақырым және егістік алқаптарында 400 шақырым өртке қарсы минералды жолақ жырту жұмыстарының 1-кезеңі өткізілді, - деді Н.Бекболатұлы.
Спикердің айтуынша, орман-дала өрттерін дер кезінде сөндіру мақсатында аудан әкімдіктері тиісті елдімекендерде жалпы 527 адамдардан тұратын 52 ерікті өрт сөндіру құрылымдары құрылған. Олар, 94 бейімделген қосалқы техникалармен, 22 өрт сөндіру мотопомпалармен және қолда бар өрт сөндіру құралдарымен (527 хлопушка) жабдықталған.
Сондай-ақ, төрт ауданның әкімдіктері шаруа қожалықтарымен келісіп, қала аумағында орман және дала өрттері орын алған жағдайда дер кезінде сөндіру үшін бір соқалы трактормен бірге 3 тонна суы бар тіркемелі бөшкелермен жалпы 4 уақытша бақылайтын өрт сөндіру бекеттері құрылған.
Қыс айларына қарағанда жазда төтенше оқиғалар көп кездеседі. Сала мамандарының айтуынша, айтып келмейтін апаттан, қателіктің салдарынан тұрғындар жапа шекпеуі басты назарда болмақ. Сақтықта қорлық болмайды. Бұл ретте департамент басшысы барлық шаруа қожалықтары мен қала тұрғындарын орман және алқаптарда өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.

 

А.ЖӘДІГЕРҰЛЫ

 
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.