Госпиталь құрылысы аяқталды Избранное

Пятница, 12 Июнь 2020 04:14 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2648 раз

Шымкент қаласында модульдік жұқпалы аурулар госпиталінің құрылысы аяқталды. Үшінші мегаполиске жұмыс сапарымен келген ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жаңа медициналық орталықтың жұмысымен танысты.

85

 

Жұқпалы аурулар госпиталінде дәрігерлер коронавирус инфекциясына күдікті барлық пациентті қабылдай алады.
Жаңа инфекциялық госпиталь жобасының ерекшелігі – науқастарға білікті медициналық көмек көрсету үшін операциялық блок пен перзентхана залының заманауи үлгідегі медициналық жабдықтармен қамтылуы. Госпитальде барлығы 160 төсек-орын, 20 боксталған палата және 20 реанимациялық төсек бар.
Ең бастысы, инфекциялық госпиталь барлық қажетті заманауи медициналық техникамен жабдықталған. Нақтырақ айтқанда, жаңа орталықта компьютерлік томография, сандық рентген және 20 ИВЛ аппараты орнатылған. Елжан Амантайұлы госпитальдің сапалы медициналық көмек көрсетуге мүмкіндігі зор екенін және медициналық инфрақұрылымның дамуына ерекше көңіл бөлініп жатқанын атап өтті. Денсаулық сақтау министрі, сондай-ақ, қауіпті індетпен күресуде біліктік танытып жүрген ақ халатты абзал жандарға алғыс айтып, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.