11 БАЙЛАНЫС СТАНЦИЯСЫ ОРНАТЫЛАДЫ

Пятница, 26 Июнь 2020 04:11 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 177 раз

photo 221776 1

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қаланы сапалы интернетпен қамту мәселелері бойынша «Қазақтелеком», «ТрансТелеКом» АҚ директорлары және ұялы байланыс операторларымен кезекті онлайн жиналыс өткізді.

Жиында Цифрландыру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Д.Әлібеков қаланы сапалы интернетпен қамтамасыз етудің 2020-2021 жылдарға арналған стратегиялық жоспарымен таныстырды.
Оның айтуынша, базалық станция орнату үшін қала аумағынан 11 жер телімі анықталып, Google maps картасында белгіленген. Олар Н. Назарбаев даңғылы, Арғынбеков пен Айша бибі көшесінде, Қайтпас, Шымсити-Асар қиылысы, Қайнарбұлақ шағынауданы, Асар шағын ауданындағы ішкі айналма жолы, Шымкент-Алматы тас жолынан Достық шағын ауданы бағытына қарай, Төлеметов-Өтегенов көшелерінің қиылысына қойылады деп жоспарлануда.

Стратегиялық жоспарда қаланы интернетпен қамту мәселесі бойынша зерделеу жұмыстарын жүргізетін жұмысшы топ құру, тұрғындарды сапалы интернетпен қамтамасыз ету үшін байланыс операторларымен меморандум түзу, «Ақылды күнбағыс» ақпараттық-танымдық кешенінің қызметін күшейту және олардың санын арттыру, орнатылған базалық станциялардың адам өміріне қауіпсіздігі жөнінде тұрғындар арасында кеңінен түсіндіру жұмыстарын жүргізу қаралған.
Еліміздің цифрлық даму жолында интернет мәселесінің басты назарда екенін айтқан
Мұрат Дүйсенбекұлы мегаполисті сапалы интернетпен қамтамасыз ету – бүгінгі күннің басты талабы екенін жеткізіп, салалық қала әкімінің орынбасарына стратегиялық жоспардың орындалуын қатаң бақылауды тапсырды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.