Версия для печати

Жолдар жөнделуде: Сапаға мән беру – басты талап

Вторник, 14 Июль 2020 18:52 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2531 раз
Оцените материал
(0 голосов)

2020 05 15 image-15-05-20-19-48

Бүгінде қалада 415 шақырым жол құрылысы және жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсатта 2020 жылға бюджет есебінен 27,5 млрд теңге бағытталған. Оның ішінде, республикалық бюджеттен 9,0 млрд теңге, жергілікті бюджет есебінен – 18,5 млрд теңге қаржы қаралды.

Қалада автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 2 976,6 шақырым. Асфальтті жабын – 1 758,1 шақырым (59,1%); тас жол – 1 107,0 шақырым (37,2%); топырақ жол – 111,5 шақырым (3,7 %). Жоспар бойынша биыл топырақ жол толық асфальтталады.
Қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары А. Тұрхановтың айтуынша, бүгінге дейін топырақ жолдың 35 пайызына шағал тас төселді.
Қазіргі таңда қаланың магистралды жолдарының 75,3 шақырымында құрылыс жұмыстары қызу қарқынмен жүріп жатыр. 2020-2023 жылдар аралығында 4 жолайрықтың құрылысын іске асыру жоспарда тұр.
2020 жыл жалпы құны 9,8 млрд теңгені құрайтын 21 аудандық маңызы бар көшелерге қаржы бөлінді. Орташа жөндеу және қайта құру жұмыстары бойынша биыл бұл бағыттағы 19 көше тұрғындар игілігіне тапсырылады.
Атап өтсек, бүгінде Арғынбеков көшесінің құрылысы (ұзындығы 3,47 шақырым), N.Nazarbaev даңғылы жалғасының құрылысы (Ұзындығы 2,7 шақырым), Тәуке хан көшесін (Тассай) қайта құру ( Ұзындығы 3,0 шақырым), Жібек жолы, Төреқұлов көшелерін қайта құру (Ұзындығы 2,2 шақырым), Байтұрсынов көшесін орташа жөндеу (Ұзындығы 3,5 шақырым), Адырбеков көшесін қайта құру (Ұзындығы 3,7 шақырым) жұмыстары атқарылуда.
Сондай-ақ, Түркістан көшесі, Республика даңғылы, Сырым батыр, Гагарин, Құрманбеков, Рысқұлов, Аймауытов, Жібек жолы, Қапал батыр, Төлеби, Жандосов, Рашидов, Рысқұлбеков, Жангелдин, Асқаров, Тайманұлы, Қалдаяқов және т.б, жалпы 21 көшеде орташа жөндеу жұмыстары қыза түскен.
Одан бөлек, биыл 296 шақырым ішкі орам көшелерде күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде.

Жол саласында мамандар жетіспейді

Басқарма мамандарының мәліметінше, қаладағы жол құрылысында жалпы 55 ірі мердігер мекеме жұмыс істейді. Онда 10 мың адам жұмыспен қамтылған.
Жол құрылысы сапасына мән беру басты талаптың бірі. Мердігер тарапынан бес түрлі қадағалау мамандары бар. Былтыр арнайы жол сапасын бақылайтын республикалық мемлекеттік мекеме ашылып, жұмысын бастады. Онда білікті мамандар жол сапасын арнайы зертханаларда тексеріп, қорытындысын шығарады. Жөндеу жұмыстарын жүргізгеннен кейін мердігер мекеме тарапынан үш жылға кепілдік мерзімі беріледі.
Басқарма басшысының орынбасары Абай Әбдіманапұлының айтуынша, жұмысына салғырт қарайтын мердігерлер де бар. Мәселен, былтыр Адырбеков көшесінде жұмыс атқарған мердігер мекеменің жауапсыздығы анықталған. Мемлекеттік сатып алу келісімшарты біржақтама бұзылған. Осындай жағдайдан кейін биыл конкурс қайта жарияланып, басқа мердігер мекеме анықталыпты.
– Жалпы қаладағы жол құрылыс жұмыстары кестеге сәйкес атқарылуда. Әрбір мердігер мекеменің өзіндік межелеген жоспары бар. Сол себепті карантин жағдайында да қалада құрылыс жұмыстары тоқтамайды. Бүгінгі күні құрылыс сапасына қатты назар аударып жатырмыз. Әр нысан басында арнайы техникалық қадағалаушы мамандар жүр. Қабылдау комиссиясына да білікті мамандарды тартылуда.
Шыны керек, жол құрылысы саласында әлі де мамандар жетіспейді. Механизатор, жүк көлігін айдаушылар, әлі де көптеп керек. «Жол картасы» бағдарламасы аясында қосымша 1700 адамды жұмысқа тарту көзделіп отыр, - дейді басқарма басшысының орынбасары.
Шымкент қаласында жол құрылысы жұмыстары карантинге байланысты тоқтамайды. Барлық сақтық шараларын орындай отырып, құрылыс компаниялары өз жұмыстарын мерзіміне сай жүргізуде.

Ә. АЙТӨРЕ

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.