Электрондық төлемдер кезең-кезеңімен енгізіледі Избранное

Среда, 22 Июль 2020 05:57 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1868 раз

4111

Шымкентте қоғамдық көліктер тамыз айынан бастап электрондық жүйеге ауысады деп жоспарланған болатын. «Арнайы құрылғылар шекара шебінде тұр. Олар кедендеу рәсімінен өткізілуде», - дейді Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының жолаушылар көлігі бөлімінің басшысы
Наурыз Сүгірәлиев.

– Тамыз айының басында жабдықтарды орнату және тестілеу тәртібін өткізу жоспарлануда. Қоғамдық көліктер терминалдармен жабдықталады. Он күн ішінде барлық жабдықтар орнатылуы тиіс. Электрондық төлем кезең-кезеңімен жүзеге асырылады. Өйткені жолаушылар жаңа жүйеге үйренулері керек, - дейді бөлім басшысы.
Қазір дайындық жұмыстары жүргізілуде. Санатына қарай жеңілдік алушылардың тізімі жасалуда. Олардың әрқайсысында жеке дара «Төлем» карточкалары болады. Сол арқылы қоғамдық көлікте тегін жүреді.
Карта құны – 500 теңге. Оларды жақын уақытта қаладағы дүкендерден, сауда орындары мен киоскілерден сатып алуға болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.