Шымкент қаласында қатаң шектеу шараларын және карантинді ұзарту туралы

Пятница, 17 Июль 2020 04:26 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1363 раз

 

ҚАУЛЫ

Шымкент қаласы

17.07. 2020ж.

 

ПОСТАНОВЛЕНИЕ

город Шымкент

№27

 

 

Мен, Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Тулебаев Абдиманап Кошкарович, Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 7-1 бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, «Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық жұқпалы аурудың алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы» Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы №43-БМСД қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №43-ПГВр), Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің «Қатаң карантиндік шектеу шараларды енгізу туралы» 2020 жылғы 3 шілдесіндегі №44-ПГВр қаулысына (бұдан әрі - ҚР БМСДҚ №44-ПГВр), Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің «Шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2015 жылғы 20 наурыздағы №239 бұйрығына сәйкес COVID-19 аурушаңдығының өсуіне байланысты халық арасында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын алу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Шымкент қаласының аумағында 2020 жылғы 20 шілде сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 3 тамыз сағат 00:00-ге дейін қатаң шектеу шаралары және карантин ұзартылсын.

2. Шымкент қаласының әкімдігіне, Шымкент қаласының аудандық әкімдіктеріне, Шымкент қаласының энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасына, Шымкент қаласының денсаулық сақтау басқармасына, денсаулық сақтау субъектілеріне: 

2.1. Шымкент қаласының аумағында, мөлтек аудандардың, тұрғын үй алабының, көп қабатты тұрғын үйлердің және ұйымдардың қоқысқа арналған алаңшаларын жоспарлы үнемі тазалауды, күнделікті тұрмыстық қалдықтарды, қоқыстарды шығару және қоқысқа арналған контейнерлерді тазалауды, дезинфекциялауды, жууды қамтамасыз етуді;

2.2. провизорлық стационарлардың аумағын күнделікті дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып залалсыздандыру іс-шараларымен қамтамасыз етуді.

3. Осы Қаулы барлық мүдделі ведомстволардың назарына жеткізілсін, тұрғындарды БАҚ және әлеуметтік желілер арқылы хабардар етілсін.

4. Осы Қаулының орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

5. Осы Қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

Шымкент қаласының

Бас мемлекеттік

санитариялық дәрігері

А.Тулебаев

Последнее изменение Четверг, 23 Июль 2020 10:41
Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.