АЛТЫ АЙДА – 34,2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ ҚҰРЫЛЫС ӨНІМДЕРІ Избранное

Пятница, 24 Июль 2020 03:13 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 280 раз

Құрылыс материалы

Шымкент қаласында құрылыс материалдарын шығаратын 215 ірі, орта және шағын кәсіпорын бар.

Осы жылдың 6 айында олармен 34,2 млрд теңгенің құрылыс материалдары өндірілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты көлем индексі 4,5 пайызға артқан.
Қаланың жалпы өнеркәсібінде өндірілген өнім көлеміндегі құрылыс материалдары өндірісінің үлесі 13,2%-ды құрады. Ал құрылыс материалдарының отандық өндірісін дамыту мақсатында қалада 2020-2021 жылдар аралығында 9 инвестициялық жоба жүзеге асырылуда. Жобалардың құны 2,9 млрд теңгені құрап отыр.
Атап айтқанда, келер жылы үш темірбетон өндірісі мен шыныпластиктер, газоблок, асфальтбетон, жолаяқ тақталарының өндірісі және полипропилен, поливинилхлорид, термоэластопласт бұйымдарының өндірісі, әрлеу материалдары мен құрғақ құрылыс қоспалары сынды жобалар іске қосылады.
Айта кетейік, бүгінгі таңда Шымкент қаласында жүргізіліп жатқан құрылыстағы отандық өнім үлесі 98 пайызды құрап отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.