Версия для печати

АМЕРИКАНДЫҚ ФОТОГРАФТЫҢ ОБъЕКТИВІНЕ ІЛІНГЕН ШЫМКЕНТ Избранное

Пятница, 24 Июль 2020 03:27 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2122 раз
Оцените материал
(0 голосов)

6309159b-f584-4187-ae0e-5fa364828112

Туризм – әлемдегі экономикалық кірісі ең жоғары саланың бірі. Саяхатты дамытудың алғышарты не десеңіз, әлбетте, туризм саласында насихатты күшейту екеніне талассыз келісесіз. Әсіресе, ғаламтордағы видео, фотосуреттер арқылы туған жердің көрікті келбетін, туризмге қолайлы табиғаты мен саяхатқа шақыратын шырайлы жерлерін үгіттеуге мүмкіндік мол.
4444Шымкент қаласының туристік тартымдылығын насихаттау мақсатында туризм басқармасының шақыртуымен қалаға National Geographic және New York Times журналдарының танымал фотографы Джордж Штейнмец келді.
Джордж қаланың негізгі туристік нысандарының, атап айтқанда Ескі қалашықтағы «Цитадель» жобасы, Тәуелсіздік саябағы, Қошқар ата өзені, Бәйдібек би ескерткіші мен этноауыл, Арбат пен Абай саябағы секілді көрікті орындардың фототүсірілімін жүргізді.
Енді мегаполис тұрғындары танымал кәсіпқойдың объективі арқылы шаһардың сұлулығын құс самғайтын биіктерден түсірілген бейнеде тамашалай алады.
Фотосуретші Қазақстанның оңтүстігі туралы шығармаларын миллионнан астам жазылушысы бар Instagram парақшасында және өзінің жеке веб-сайтында жариялауды жоспарлап отыр. Сонымен қатар суреттер National Geographic және The New Yorker сияқты беделді бұқаралық ақпарат құралдарында шығады деп күтілуде.
Алдағы уақытта, пандемиядан кейінгі кезеңде Штейнмец түсірген суреттер Қазақстанның өзге өңірлерінде қала туралы фотокөрме өткізуге негіз болмақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.