Короновирустық инфекцияның алдын алу бойынша атқарылып жатқан іс-шаралар туралы

Четверг, 06 Август 2020 10:39 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2218 раз

 WhatsApp Image 2020-08-06 at 16.30.35

Елімізде төтенше жағдай алынғаннан кейін Шымкент қаласының Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мамандары Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулыларында көрсетілген объектілерде санитарлық-эпидемияға қарсы іс-шаралардың орындалуы бойынша тұрақты түрде мониторинг жүргізуде.

2020 жылы 5 тамызда мониторингпен 59 нысан қамтылды:

- тағам нысандары – 38, оның ішінде: қоғамдық тамақтану – 15, сауда орындары –23;

   - коммуналдық нысандар – 21, оның ішінде: коммуналдық нысандар – 18, өндірістік нысандар-2, стоматологиялық кабинеттер-1.

WhatsApp Image 2020-08-06 at 16.30.37 2

Бүгінгі күнге барлығы 8238 нысан мониторингпен қамтылған, соның ішінде, 4466 тағам нысандары, 3772 коммуналдық нысандар.

Мониторингпен қамтылған 4466 тағам нысандарының ішінде:

- қоғамдық тамақтану орындары - 805. Қоғамдық тамақтандыру орындарының қызметі демалыс күндері (сенбі, жексенбі) тоқтатылып, жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жұмыс режимі сағат 09:00 дан 21:00-ге дейін шектелген.

- сауда орындары - 3482. Демалыс күндері ірі сауда орындарының қызметтері тоқтатылған. Жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) жеке тұрған азық-түлік гипермаркеттері, супермаркеттер, шағын маркеттер мен үй жанындағы дүкендердің жұмыс уақыты сағат 10:00 ден 21:00-ге дейін, демалыс күндері сағат 10:00 ден 18:00 ге дейін шектелген.

- базарлар - 13. Барлық базарлар мониторингпен қамтылған. Барлығында күнделікті дезинфекциялық жұмыстар күшейтіліп жүргізілуде. Жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) азық-түлік базарларының жұмыс уақыты 06:00-ден 18:00-ге дейін, азық-түлік емес базарларының (мамандандырылған, киім, мал және автокөлік базарлары жұмыс уақыты сағат 06:00-ден 13:00-ге дейін шектелген, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) барлық базарлардың жұмыстары тоқтатылған.

       - тамақ өнеркәсібі - 166. Барлығында күнделікті дезинфекциялық жұмыстар күшейтіліп жүргізілуде.

WhatsApp Image 2020-08-06 at 16.30.36

Мониторингпен 3772 коммуналдық нысандар қамтылған.

Қоғамдық көліктің қызметі демалыс күндері (сенбі, жексенбі) тоқтылып, жұмыс күндері (дүйсенбі-жұма) сағат 07:00ден 20:00 ге дейін шектелген.

Мониторингпен қамтылған барлық объектілерде коронавирустық инфекцияның (COVID -19) таралуына жол бермеу бойынша санитариялық-ағарту, түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мониторинг қорытындысы бойынша 194 жауапты тұлғаларға (жеке кәсіпкер-8, лауазымды тұлға-2, жеке тұлға-184) хаттама толтырылып, жалпы сомасы 11417580 теңгеге айыппұл салынды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.