Мониторингтік топтың дәріханаларда өткізілген жұмыс нәтижелері туралы (2020 жылғы 05 тамызға)

Четверг, 06 Август 2020 10:44 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1915 раз

 WhatsApp Image 2020-08-06 at 16.30.36 1

Шымкент қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 01.07.2020 жылғы №24 қаулысына сәйкес, Шымкент қаласы тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменттің аудандық басқармаларымен бірлесіп Шымкент қаласының дәріханалық ұйымдарында дәрілік заттармен қамтамасыз ету, дәрі-дәрмектерді алыпсатарлық сатудың алдын алу, емдеу курсына бір қолға берілетін дәрі-дәрмектердің санын шектеу, рецептілер бойынша емдеу курсына рецептуралық дәрі-дәрмектерді сату, сондай-ақ Шымкент қаласының дәріханаларында бөлшек сауда бағаларын сақтау мақсатында мониторинг жүргізуде.

2020 жылы 5 тамызда қаладағы 560 дәріханалардың 463-інде 63 дәрілік заттар атауы бойынша мониторинг жүргізілді, оның ішінде: 24 ыстық түсіретін преператтар, 14 вирусқа қарсы препараттар, 21 антибиотиктер, 4 С витамині (таблеткалар мен инъекциялар).

Өткізілген 30 күндік мониторинг нәтижесінде қаланың 17 дәріханасында дәрілік заттардың шекті бағадан жоғары сатылғаны бойынша 19 факті анықталды.

Мониторингтік топтар ҚР ДСМ 15.07.2019 ж. № КР ДСМ-104 бұйрығымен бекітілген дәріханаларда шекті бөлшек сауда бағаларын арттырғаны үшін ҚР 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексінің 426-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілік қарастырылғаны туралы түсіндірме берді.

Сонымен қатар, Шымкент қаласының құқық қорғау органдарынан Департаментке шекті бағадан асып кету, лицензиясыз қызмет көрсету және тіркелмеген дәрілік заттарды сату бойынша материалдар келіп түсуде.

WhatsApp Image 2020-08-06 at 16.30.36 2

Бүгінгі таңда, дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы саласындағы заң бұзушылықтар бойынша 117 материал келіп түсті. Оның ішінде 107 материал қаралып, 107 әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды:

- ҚР ӘҚБК 424-бабының 1-бөлігі бойынша - 19 хаттама, оның ішінде 10 кәсіпкерлік субъектісіне және 9 жеке тұлғаларға;

- ҚР ӘҚБК 426-бабының 1-бөлігі бойынша - 73 хаттама, оның ішінде 66 кәсіпкерлік субъектісіне және 7 жеке тұлғаларға;

- хаттаманың 426 бабының 2 бөлігі бойынша - 1 хаттама шағын кәсіпкерлік субъектісіне толтырылып, іс материалдары Шымкент қаласының әкімшілік сотына жолданды;

- хаттаманың 426 бабының 3 бөлігі бойынша - 9 хаттама, оның ішінде 3 кәсіпкерлік субъектісіне және 6 жеке тұлғаларға, іс материалдары Шымкент қаласының әкімшілік сотына жолданды.

Департамент тарапынан қысқартылған іс жүргізу тәртібімен жалпы сомасы 13 327 455 теңгеге әкімшілік құқық бұзушылық туралы 92 (ҚР ӘҚБК 424-бабының 1-бөлігі бойынша - 19 хаттама және 426-бабының 1-бөлігі бойынша - 73 хаттама)хаттама бойынша айыппұл салды.

Басқа материалдар бойынша әкімшілік іс жүргізу жалғасуда.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.