НАВИГАЦИЯЛЫҚ СТЕЛАЛАР ТУРИСТЕРГЕ АРНАЛҒАН Избранное

Четверг, 06 Август 2020 19:03 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2062 раз

стела

«Мәдени астана» жылы аясында және қалаға келетін өзге де қонақтарды Шымкент қаласының көрікті жерлерімен таныстыру мақсатында қаланың ірі көшелерінің қиылысына ақпараттық навигациялық стелалар орнатылып жатыр.

Навигациялық стела – бұл жақын орналасқан туристік нысандар туралы ақпарат көзі ретінде қызмет ететін, әрі аймақта жылдам бағыт алуға жағдай жасайтын шағын көлемді дизайн.
Бүгінгі таңда аталған навигациялық стелалардың бірі – Б. Момышұлы және Желтоқсан көшелерінің қиылысында орнатылды. Бұдан өзге 29 стеланы орналастыру бойынша жұмыстар жүргізілмек.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.