ШЫМКЕНТТЕ ЖОЛ САПАСЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Вторник, 11 Август 2020 08:39 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2657 раз

13d9037f-a6db-4803-a139-603685fe73fa

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті мен «Жол Активтерінің Ұлттық сапа» орталығының Шымкент қалалық филиалы үшінші мегаполистегі жөндеуден өткізіліп жатқан жолдардың сапасына бақылау жүргізуде рейдтік іс-шара өткізіп келеді.
Кезекті рейдтік іс-шара ұзындығы 1850 метрді құрайтын Түркістан көшесінде жүргізілді.
Рейд барысында «Жол Активтерінің Ұлттық сапа» орталығының жылжымалы зертханасының көмегімен жаңа асфальттың бірінші жабынының қалыңдығы және жиектастардың беріктігі тексерілді. Тексеру барысында жол жабынынан кемшілік табылмағанымен, бордюрлардың беріктігіне күмән тудырарлық көрсеткіштер байқалды. Дегенмен, жиектастарды жаңадан қойғаннан кейін 28 күн ішінде толықтай дайын болатынын, тиісінше бұл бордюрлардың орнатылғанына 1 аптадай ғана уақыт өткенін алға тартқан автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қайрат Баймендиев тексеруді мерзімі келгенде қайта жүргізуді ұсынды. Одан бөлек қазіргі уақытта қалада бордюрлердің жетіспеушілігі байқалып жатқанын айтты.

 

a9cac5dd-a395-4321-a6f3-7adfd02e18aa

 

–Осыған дейін 10 рейдтік іс-шара өтті. Олардан 50-ден астам кемшілік анықталды. Бүгінгі жиектастардың беріктігі бойынша анықталған күмәнді көрсеткіштер бойынша алдағы уақытта тағы да тексеру жүргіземі. Өйткені біздің мақсат – қателіктердің алдын алу», - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаменті жанынан құрылған «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Жәни Қамбар
Айта кетейік, орташа жөндеу жұмыстары мамыр айында басталған. Жолға 611 миллион теңге бөлінген.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.