ӘСКЕРИ АВИАЦИЯ ҰШҚЫШТАРЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУДЕ Избранное

Среда, 12 Август 2020 05:13 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 318 раз

WhatsApp Image 2020-08-11 at 22.54.45 1

Шымкентте тікұшақтар «вирус сеуіп жүр» деген ақпарат тарап, тұрғындар өз қауіпсіздігіне алаңдаулы. Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі мұның жалған ақпарат екенін хабарлайды.

Қалада түнгі және күндізгі уақыттарда аптасына үш рет өткізілетін тұрақты ұшулар бұл - Шымкент авиациялық базасының әскери авиациясы ұшқыштарының оқу-жаттығуы. Яғни, əскери авиация топтық ұшуларды пысықтауға кірісті, делінген хабарламада.
Пысықтау барысында пилотаждық аймақтардағы Ми-35М және Ми-171Ш тікұшақтарының экипаждары жұптар мен буындар құрамында топтық ұшу элементтерін жүргізуде. Ұшқыштар 50-ден 1000 метрге дейінгі төмен және өте төмен биіктіктерде сүңгу және төбешіктер сияқты күрделі пилотаж элементтерін орындауда. Дәрістер барысында топтарға жинау, қайта құру және топтан тарау кезінде өзара әрекеттесуді жақсартады. Оқу-жаттығуда әуе ұрысын жүргізу жағдайында экипаждардың жұмысына ерекше көңіл бөлінеді.

 

WhatsApp Image 2020-08-11 at 22.54.45 2WhatsApp Image 2020-08-11 at 22.54.46


Айта кетейік, ұшу кезінде күрделі ұшу элементтері елдімекендердің үстінде немесе жақын аудандарда орындалмайды. Бұл ережелер қауіпсіздік шараларымен байланысты. Аталған оқу-жаттығулар жауынгерлік әзірлікті қолдауға, әскери авиация ұшқыштарының кәсіби деңгейін арттыруға және ұшу дағдыларын жетілдіруге бағытталған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.