ИНТЕНСИВТІ БАУ КӨЛЕМІ АРТЫП КЕЛЕДІ Избранное

Пятница, 28 Август 2020 04:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1745 раз

Шымкент қаласының бағбандары бүгінде озық технология бойынша егілген қарқынды баудың өнімділігі дәстүрлі тәсілмен егілген бауға қарағанда 1,5 - 2 есеге артқанына көз жеткізіп отыр. Себебі, Шымкент қаласында соңғы екі жылда 135 гектарға қарқынды алма бағы отырғызылған.

614

 

Ал, биыл «Д-Сабыр» шаруа қожалығы 15 гектар аумаққа интинсивті бау екті. Бозарық тұрғын алабында орналасқан шаруашылыққа 100 млн теңге инвестиция құйылған. Мұнда алманың «Айдаред», «Ред делишес», «Джонаголд», «Глостер» сынды түрлері бар және 10 адам тұрақты жұмыспен қамтылған. Ал науқан кезінде жұмысшылар саны көбейеді.
Аталған жобаға мемлекет тарапынан 25 млн теңге субсидия бөлініп, қолдау көрсетілді.
Мұнан бөлек, қалада биыл озық технологияны қолдана отырып өнеркәсіптік үлгідегі аумағы 5,7 гектар болатын екі жылыжай кешені іске қосылды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.