Версия для печати

ТЖД байқау жариялады Избранное

Пятница, 28 Август 2020 04:06 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1925 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Биыл Қазақстан Республикасының азаматтық қорғау органдарының құрылғанына 25 жыл толғалы отыр. Осыған орай азаматтық қорғаныс салаларының жұмысына арналған байқау жарияланды. Бұл туралы Шымкент қалалық төтенше жағдайлар департаментінде өткен брифингте айтылды.

615

 

– Осынау ширек ғасырға жуық уақыттан бері бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері құтқарушылардың жұмысын насихаттап, тұрғындарға ақпараттық-түсіндіру жұмысын жүргізуге атсалыстыңыздар. Сол үшін алдымен сіздерге алғыс айтамыз. Ал биылғы азаматтық қорғаныс саласының мерейтойына орай қалам ұстаған қауым арасында байқау жарияладық. Ондағы негізгі мақсатымыз – төтенше жағдай қызметкерлерінің жұмысын көпшілікке жақын таныстыру және журналистерді ынталандыру. Ендеше, баршаңызды конкурсқа қатысып, бақ сынауға шақырамыз, - деді ТЖД бастығының орынбасары Мадияр Жақсыбаев.
Байқауға ҚР ІІМ Төтенше жағдай комитетінің қызметіне қатысты 2020 жылдың 1-30 қыркүйегі аралығында жарияланған жұмыстар қабылданады. Барлық материалды арнайы комиссия қарап, жүлдегерлер 2020 жылғы 19 қазанда марапатталмақ.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.