ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ АБАЙ ӨЛЕҢІН ОҚУМЕН БАСТАЛДЫ Избранное

Среда, 02 Сентябрь 2020 04:15 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1606 раз

Үшінші мегаполисте жаңа оқу жылында 172 мектепте 222 мың оқушы білім алады. Бірінші тоқсанда қашықтан оқыту форматы сақталады. Соған қарамастан мектеп табалдырығын алғаш рет аттаған 24 160 бүлдіршіннің 14 940-ы үшін ата-аналардың өтініші негізінде 996 кезекші сынып ашылды. Әр сыныпта, санитарлық нормаларды сақтай отырып, 15 баладан оқиды.

701

 

1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне орай шаһар басшысы Мұрат Әйтенов барша ұстаздар мен шәкірттерді онлайн режимде құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
– Білім күні, шын мәнінде, жалпыхалықтық мерекеге айналды. Бұл мейрамның әр адамның өмірінде алар орны ерекше. Бүгінгі күн, әсіресе, мектеп табалдырығын алғаш рет аттап отырған балалардың жүрегінде мәңгі сақталады. Биыл пандемияға байланысты оқу жылы қашықтан басталып отыр. Дегенмен, қала мектептері оқу процесіне дайын. Биыл Қазақстанда үш маңызды дата атап өтілуде:
Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Абайдың 175 жылдығы және Шәмші
Қалдаяқовтың 90 жылдығы. Осы тұлғаларды балаларымызға үлгі етуіміз керек. Білім адамды ақылды, рухани тұрғыда қуатты етеді. Өмірде жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Баршаңызға табыс, төзім және терең білім алуға деген құлшыныс тілеймін, – деді қала әкімі.
Мұрат Дүйсенбекұлы әр оқушының жетістігінде ұстаздардың орасан еңбегі жатқанын атап өтіп, Абай Құнанбайұлының «Ғылым таппай мақтанба» атты өлеңін оқыды, барлық білім алушыға челлендж жолдады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.