МОБИЛЬДІ ТОП 351 ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚТЫ АНЫҚТАды Избранное

Пятница, 04 Сентябрь 2020 04:31 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 693 раз

Ақпараттық-коммуникациялық орталықта Шымкент қалалық Полиция департаментінің бастығы, полиция-генерал майоры Е.Жұмаханбетовтің қатысуымен брифинг өтті.

312

 

Баспасөз мәжілісінде Ералы Мұсаәліұлы қаладағы карантин талаптарының сақталуы және құқық бұзу фактілерінің алдын алу бойынша сөз қозғады.
– Елімізде карантин режимі енгізілгеннен бері Шымкент қаласында ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ, гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша 513 құқық бұзушылық дерегі болған. Оның ішінде 351-ін мобильді топ өкілдері анықтаған, – деді Е.Жұмаханбетов.
Яғни, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің Қаулысының талаптарын ескермей, бұрынғы қалыпты кестемен жұмыс істеп жатқандары белгілі болған. Атап айтсақ, ресторан, кафе, клуб, компьютерлік ойынханалар мен букмекерлік кеңселер бойынша – 91, шаштараз, массаж, монша, сауна, әсемдік салондар бойынша – 20, сауда үйлері, базар, дүкендер бойынша – 142, ал басқа да қоғамдық жерлерде (саябақ, аллея) карантиндік тәртіпті бұзудың 98 жайты анықталған.
Ералы Мұсаәліұлының сөзіне сүйенсек, қоғамдық тәртіпті сақтау кезінде 162 құқық бұзушылық болған. Мұндағы жинақталған іс-құжаттар Шымкент қалалық Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментіне жолданған.
Айта кетейік, қалада карантин талаптарын сақтамаған тұлғаларға ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабы 1-бөлімімен 407 хаттама толтырылып, бүгінге дейін 27 миллион 2160 мың теңге көлемінде айыппұл салынған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.