ШЫМКЕНТТЕ ЖАҢА ТҰРҒЫН ҮЙ ОРАМЫ БОЙ КӨТЕРЕДІ Избранное

Пятница, 04 Сентябрь 2020 04:36 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1921 раз

Шымкент қаласындағы Тұлпар көлінің маңында заманауи тұрғын үй орамы бой көтереді. Жобаның таныстырылымына ҚР Премьер-Министрінің орынбасары
Роман Скляр мен Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов қатысты.

315

 

Ауданы 500 мың шаршы метрді құрайтын орамның құрылысын отандық «BI Group» компаниясы жүргізеді. Олар озық технологияларды қолдана отырып, комфорт және бизнес санаттағы үйлер салуды жоспарлап отыр.
–Біз әлеуметтік инфрақұрылымға жіті көңіл бөліп отырмыз. Жоба мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында іске асырылады. Алты жыл ішінде 1500 орынды жаңа мектеп пен емхана салынады. Үйлердің бірінде балабақша да болады. Сондай-ақ, Тұлпар көлінің жағалауын абаттандыру жоспарланған, – деді компания басшысы Айдын Рахымбаев.
33 гектар аумақты қамтитын жобаның құрылысы 2021 жылдың көктемінде басталады. Ол дендросаябақ, зообақ және «Қазына» этнопаркінің маңайында орналасады.
Ал Бәйдібек би даңғылындағы ипподром, қаланың бас жоспарына сәйкес, жаңа орынға көшіріледі.

316


Сондай-ақ, нысанды салу кезінде 8500-ден астам жұмыс орны ашылып, оның ішінде 2500-і қызмет көрсету саласында болады. Құрылыс материалдарын өндіру, арнайы техниканы жалға алу, жиһаз бен тұрмыстық құралдарды сату секілді салалар белсенді дамиды деп күтілуде.
Инфрақұрылымы жан-жақты дамитын жаңа орам заманауи әрі экологиялық тұрғыда таза болмақ. Үйлердің қасбеттері еуропалық панельдерден тұрса, тұрғындар мен қонақтардың жайлылығы үшін жобаларды басқарудың жаңа жүйелері мен «Smart Home» жүйесін енгізу жоспарланып отыр.
Жобаға сәйкес мұнда демалыс орындары, спорт және балалар алаңшалары, жаяу жүргіншілер, жүгіру және велосипед жолдары салынады. Ал үйлердің бірінші қабаттары коммерциялық үй-жайларға берілмек.