ЖЫЛЫТУ МАУСЫМЫ жақындап келеді Избранное

Среда, 16 Сентябрь 2020 06:16 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 258 раз

f52b2996-a155-4050-aba7-9cd62fc6d2e9

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов алдағы жылыту маусымына дайындық барысымен танысты. Қалада 1 896 көп қабатты үй бар. Соның 90 пайыздан астамы жылыту маусымына дайын. Қалған тұрғын үйлерде құрылыс-монтаж жұмыстары жүруде.

Қала әкімі алдымен әкімшілік-іскерлік орталықтағы жылу қазандығына барды. 2015 жылы іске қосылған қазандық 1124 шаршы метр аумақты алып жатыр. Онда қуатты жылу беретін BOSCH LOOS UT-HZ пештері орнатылған. Мұндағы отынның негізгі түрі – табиғи газ. Қазандықтың ең жоғарғы қуаттылығы – сағатына 163.5 Гкал. Ол 78 көпқабатты тұрғын үй мен 8 әкімшілік ғимаратқа жылу береді.
Мұнан кейін қала басшысы шаһардың оңтүстік бөлігіне жылу беретін «3-Энергоорталық» акционерлік қоғамына қарасты қазандыққа ат басын тіреді. Бұл компанияның иелігінде 11,7 шақырым магистралды жылу құбырлары бар. Қазір қазандықта құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жылыту маусымына дайындық 1 қазанға дейін толықтай аяқталады.
Сондай-ақ, қала әкімі Сайрам тұрғын алабында орналасқан халықты көмірмен қаматамасыз ететін базаның жұмысымен де танысты.
Жалпы, қалаға жылу 11 қазандық пен 1 жылу-электр станциясынан беріледі. Айта кету керек, қазір барлық 11 қазандық жөндеуден өтіп, алдағы қысқа тас-түйін дайын тұр. Ал, 17 сорғы станциясының 15-і (88%) дайын. Қалған 2 станцияда жұмыс 25 қыркүйекке дейін аяқталады.
Нысандардың жұмысымен танысқан Мұрат Дүйсенбекұлы жауапты азаматтарға белгіленген мерзімде тұрғындарды сапалы жылу энергиясымен қамтамасыз етуді тапсырды.
Қалада 479 бюджеттік мекеме жұмыс істеп тұр. Оның 271-і жеке қазандықтармен жылытылса, 208-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.