ТҮРКІСТАН КӨШЕСІ «түлеп» келеді Избранное

Пятница, 25 Сентябрь 2020 04:29 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 283 раз

52433

Шымкент қаласында жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Түркістан көшесі орташа жөнделуде. Атап айтқанда, жолдың асфальт-бетон жабынын және ирригациялық арықтарды ауыстыру, аяқжолдарды жөндеу, веложолдар салу мен жауын-шашын суын өткізетін кәріздер орнату қарастырылған. Бүгінгі таңда жұмыстың 75 пайызы орындалды.

Жол құрылысының сапасын тексеру мақсатында «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесі, «Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы» мен Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы бірлесе отырып, Түркістан көшесіне зерделеу жұмыстарын жүргізді. Оған мердігер «АзияКомплексСтрой» ЖШС және техникалық қадағалаушы «Инженер Строй» ЖШС мамандары да қатысты.
Зерделеу барысында мамандар жолдың жиектастарын, аяқжолдың өрнек тастарын, асфальт-бетон қабатын тексерді. Нәтижесінде Түркістан көшесінің Д.Қонаев даңғылынан Тоқаев көшесіне дейінгі бөлігіне қойылған жиектастардың 10-15 пайызы берік орнатылмағаны анықталды.
Осыған байланысты тапсырыс беруші мекеме мердігерге аталған кемшілікті жою тапсырылды. Қайта тексеру кезінде жиектастардың беріктігі талапқа сай болмаған жағдайда мердігер мекемеге оны ауыстыруға ұйғарым беріледі.
Ал аяқжол өрнек тастарының беріктігі мен асфальт-бетон қабатының қалыңдығы қолданыстағы құрылыс нормаларына және сметалық құжаттамаға сәйкес келетіні анықталды.
Бас мердігер «АзияКомплексСтрой» ЖШС орташа жөндеуді қазан айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.