ЖОЛАЙРЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ 3 КЕЗЕҢДІ ҚАМТИДЫ Избранное

Среда, 07 Октябрь 2020 04:29 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 2289 раз

Шымкент қаласының көлік инфрақұрылымын дамыту жоспарына сәйкес, қалада жолайрықтар салу іс-шаралары да қамтылған. Рысқұлов – Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрық құрылысы 15 қазанда басталады.

421

 

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов алғашқы жолайрық құрылысы жалпы 3 кезеңді қамтитынын атап өтті. Осы орайда үш кезеңде атқарылатын жұмыстар және жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелерін тарқатып айта кетсек.
1-кезең. Қонаев көшесінің шығысы, Рысқұлов көшесінің оңтүстігі. (15.10.2020ж. – 31.12.2020 ж).
Жол қозғалысын ұйымдастыру: 1- кезеңде Қонаев көшесінің шығысы Роял клубы тұсынан Рысқұлов көшесі аралығы жабылып, көлік қозғалысы Қонаев көшесінің батысындағы 4 жолақта 2 бағытты қарама-қарсы қозғалыс ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Дулати және Қазыбек би көшелеріне (Рысқұлов көшесі мен Тәуке хан даңғылы аралығы) бір бағытты қозғалыс ұйымдастырылады.
2-кезең. Қонаев көшесінде құрылыс жұмыстарын жүргізу (15.01.2021ж.- 01.07.2021ж.): Яғни, екінші кезеңде жол жабынын бұзу, газ құбырын жылжыту, ауыстыру (1,24 км, ø273мм); жерасты байланыс желілерін ауыстыру (1,24 км); су құбырын жылжыту, ауыстыру (1,1 км, ø920-1000мм); тоннелді қазу жұмыстары атқарылады.
Жол қозғалысын ұйымдастыру. 2-кезеңде Қонаев даңғылы Роял клубы тұсынан Рысқұлов көшесіне дейін және Бәйдібек би даңғылы Рысқұлов көшесінен Дулати көшесіне дейін жабылады. Бұл аралықта тұтастай құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Рысқұлов көшесі әдеттегідей ашық болады. Осыған қосымша, Баян ауыл көшесіне Бәйдібек би даңғылынан Рысқұлов көшесіне дейін бір бағытты қозғалыс ұйымдастырылады.
3-кезең. Рысқұлов көшесінде құрылыс жұмыстарын жүргізу (01.07.2021ж.-31.12.2021ж.): Яғни, жол жабынын бұзу; 2 жол өткелінің (путепровод) құрылысы; жер қазу жұмыстары (129 мың м3); свай орнату (ø1м, тереңдігі 34м, 48 дана); тіреу қабырғаларын бетондау (подпорные стены); арықтар салу және жол жабынын салу жұмыстары атқарылады.
3-кезеңде Рысқұлов көшесінде жол қозғалысы толықтай жабылмайды. Жартылай жабу әдісімен ұйымдастырылады. Яғни Рысқұлов көшесі бойында қарама қарсы бағыттағы көлік қозғалысы жұмыс істейді. Бірақ ең ауқымды жұмыстар (ұзындығы 540 м тоннел) Қонаев көшесінде болғандықтан Қонаев даңғылы Роял клубы тұсынан Рысқұлов көшесіне дейін және Бәйдібек би даңғылы Рысқұлов көшесінен Дулати көшесіне дейін жабық болады.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.