Қазіргі уақытта қаланың магистралдық жылу жүйелері толықтай суға толған.
«Ішкі орамдық жылу жүйелерін суға толтыру жұмыстары жалғасуда. Бұл тұрғыда атқарылған жұмыстар 60%-ды құрайды. Қазан айының 10-12 дейін қаладағы магистралдық ішкі орамдық жылу жүйелері толықтай суық сумен толтырылатын болады», - дейді Шымкент қаласы энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының бас маманы Гүлназ Шадманова.
Шымкент аумағында жылу 15 қазаннан бастап қосылады. Әуелі аурухана, балабақша мен мектеп сияқты әлеуметтік маңызы бар ғимараттар жылумен қамтамасыз етіледі.