ӨНДІРІС ҚАЛДЫҚТАРЫН ӨҢДЕЙТІН КӘСІПОРЫН ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ Избранное

Пятница, 09 Октябрь 2020 04:29 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1789 раз

Шымкентте түсті металдар концентратын алу үшін қалдықтарды қайта өңдейтін өндіріс орны іске қосылды. Кәсіпорынның зиянды қалдықтарды залалсыздандыруда экологиялық маңызы зор.

312

 

«Standard Steel KZ» ЖШС бұрынғы қорғасын зауыты өндірісінің қалдықтарын қайта өңдеуді жүзеге асырады. Жоба бойынша жылына 400 мың тонна өндіріс қалдықтары қайта өңделеді.
Бүгінгі таңда жобаның жылына 250 мың тонна қалдықтарды өңдейтін бірінші желісі жұмысын бастады. Зауыт биыл қараша-желтоқсан айларында толығымен іске қосылады.
Бүгінде қоршаған ортаны қорғау, түсті метал өндірісін дамытуда қалдықтарды қайта өңдеудің маңызы өте зор. Жоба толығымен іске қосылса, экологияны зиянды қалдықтардан тазартуға зор үлес қоспақ.
Сондай-ақ, кәсіпорында 400 адамды жұмыспен қамту жоспарланып отыр. Яғни, аталған өндіріс орнының экологиялық тиімділігімен қатар, әлеуметтік-экономикалық рөлі де ерекше болмақ.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.