Мамандандырылған ХҚО қызметін делдалсыз алыңыз Избранное

Среда, 14 Октябрь 2020 04:04 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1500 раз

Үшінші мегаполистегі мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында көлік жүргізушілері үшін «Екі есе төлеме!» акциясы ұйымдастырылды. Ондағы мақсат – жүргізуші куәлігі мен автокөліктерді үшінші тараптың көмегінсіз рәсімдеуді насихаттау.

514

 

Іс-шараға «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының мамандары, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілдері, қалалық полиция департаментінің қызметкерлері қатысты. Бұл күні 1000-ға жуық көлік иесіне мемлекеттік қызметтерді «көмекшілерсіз» қалай алуға болатыны туралы түсіндірілді. Оларға жүргізуші куәліктерін беру және көлік құралдарын тіркеу қызметтерін онлайн алу процесі көрсетілді.
– Мұнда күн сайын 500-ге жуық жүргізуші куәлігі беріліп, 1500-ден астам көлік құралы тіркеледі. Көптеген мемлекеттік қызмет электронды форматқа көшуде. Онлайн тіркеу мамандандырылған ХҚО-ға жүгінбей-ақ, автокөлікті рәсімдеуге және жүргізуші куәлігін ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұл азаматтардың уақытын айтарлықтай үнемдейді және кезек күту қажеттілігін жояды, - деді корпорация филиалының директоры Данабек Исабеков.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі департаментінің басшысы Әли Көмекбаевтың айтуынша, компьютерді пайдалану мүмкіндігі жоқ азаматтар мемлекеттік қызметтерді қалада орналасқан egov аймақтарында ала алады. Мұндай әр қызмет көрсету секторы қажет техникамен жабдықталып, электронды үкімет порталы мен басқа да мемлекеттік ресурстарды пайдалануға мүмкіндік береді. Шымкенттіктер өздеріне жақын нүктелерді 2ГИС қосымшасы арқылы таба алады.
Анықтама: 2020 жылы Шымкент қаласындағы мамандандырылған ХҚО қызметкерлері азаматтарға 52 мыңға жуық жүргізуші куәлігін беріп, автокөліктерді қайта тіркеу бойынша 195 мыңнан астам қызмет көрсетті.
Жыл басынан бері 7 мыңнан астам қызмет алушы жүргізуші куәлігін электронды өтініш беру арқылы ауыстырды. Сонымен қатар, көлікті қайта тіркеу бойынша 10 мыңға жуық автокөлік иесі онлайн қызметті пайдаланды.
Естеріңізге сала кетейік, Шымкент қаласында мамандандырылған 3 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді.

Нұрлан БЕКТАЕВ

Қ.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің филология факультетін 2005 жылы тәмамдаған. Журналистика саласында 2006 жылдан бері еңбек етіп келеді. 2006-2017 жж аралығында "Отырар-TV" медиахолдингінде жұмыс істеген. 2017 жылдың қараша айынан бастап қалалық «Шымкент келбеті» қоғамдық-саяси газетінің тілшісі. 2018 жылдың наурыз айы мен 2019 жылдың тамыз айлары аралығында газеттің бас редакторының орынбасары қызметін атқарды.