«ХАЛЫҚ АЛҒЫСЫ» – ЕҢ ҮЛКЕН МАРАПАТ Избранное

Среда, 14 Октябрь 2020 04:12 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1814 раз

Шымкент қаласында коронавирус індетімен күресте белсенділік танытқан бір топ азамат Мемлекет басшысы Қасым-
Жомарт Тоқаев тағайындаған «Халық алғысы» арнайы медалімен марапатталды.

513

 

Жұқпалы індетпен күресте ерекше көзге түскендердің қатарында білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау және өзге де сала өкілдері мен еріктілер бар. Мегаполистің марапат иелеріне медальді қала әкімі Мұрат Әйтенов табыстады.
– Бұл марапат бүкіл әлемде орын алып отырған дертпен күресте халық игілігіне қызмет етіп, қайсарлық пен мейірімділіктің нағыз үлгісін көрсеткен азаматтарымыздың орасан еңбектері мен ерліктерін бағалау болып саналады. Қиын кезеңде ерлік жасап отырған сіздердің және сіздермен бірге тығыз жұмыс атқарып, аянбай еңбек етіп жатқан ұжымдарыңыздың да жетістігі деп білемін, - деп Мұрат Әйтенов алғы шепте жүрген барлық белсенді азаматтарға алғысын білдірді.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.