Шымкентте коммуналды-тұрмыстық тұтынушылардың көбеюіне байланысты қыста табиғи газбен қамтамасыз ету бойынша мәселе туындайды. Сондықтан, қаладағы көгілдір отынмен қамтамасыз ету көлемін одан әрі арттыру үшін АГРС-3 нысанын салуға шешім қабылданған болатын. Нәтижесінде табиғи газбен 92,1% қамтылған қала тұрғындарының саны 100 пайызға жететін болады.
Бүгінде «Автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГРС-3)» өткізу қабілеті 250000 м3 /сағ болатын нысанды «StroyGazCompany» ЖШС салуда.
АГРС-3, магистралды Қайнарбұлақ және Асар-2, Алтынтөбе шағынауданы, Достық шағынауданы мен Бадам (195 орам), Асар-2, Азат шағынаудандарында барлығы 8 нысанның құрылысы жүруде. Бұл жөнінде энергетика және коммуналды шаруашылық басқармасының мамандары мәлімдеді.
АГРС-3 нысаны жыл соңына дейін іске қосылып, қала тұрғындары сапалы және үздіксіз табиғи газбен қамтамасыз етілетін болады.