Проблемалар бар, шешімі де табылады Избранное

Пятница, 16 Октябрь 2020 04:34 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 188 раз

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданын аралап, қордаланған мәселелермен танысты. Атап айтқанда, дендросаябақ аумағындағы қараусыз қалған балалар темір жол станциясына барды.

211

 

Ондағы жағдаймен танысқан шаһар басшысы нысанды халық игілігіне берудің жолдарын қарастыруды тапсырды.
Мұнан кейін аудан аумағындағы каналдарды аралап көрді. Ақбастау каналы арнасының 535 метр аумағын бетондаса, сол маңайда тұратын тұрғындар егіншілікті қолға алатындарын айтуда. Мұрат Әйтенов аталған жұмыстарға бюджеттен қаржы бөлуді қарастыру қажеттігін айтты.
Одан өзге, Текесу тұрғын алабындағы мәселелермен танысты. Мұндағы тұрғындар биыл сапалы ауызсумен қамтамасыз етілетін болды. Қала әкімімен жолыққан тұрғындар мектеп салып беру жөніндегі өз өтініштерін де жеткізді. Өтініш негізінде қала басшысы жауапты басқарма басшыларына балабақша мен мектеп жобасын дайындауды жүктеді.
Ал, Сәуле шағын ауданындағы 276 орамды инженерлік-инфрақұрылыммен қамтамасыз ету кезең-кезеңімен жүргізуле. Орамды электр жүйесімен қамтамасыз ету мақсатында, демеушілер тарапынан 25 бағана, 2 шақырым сымдар және құаттылығы 160 кВт көтеретін трансформатор орнатылған. Бүгінгі күнге 150-ге жуық жеке тұрғын үй электр қуатымен қамтамасыз етілуде. Одан бөлек, жоғарыда аталған аумақты сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету үшін, демеушілер тарапынан 350 метрге жуық су құбырының қазба жұмыстары жүргізіліп, ауыз су жүйесі тұрғындардың игілігіне пайдалануға берілген.
Қала басшысы өзінің жіті бақылауына алған шалғайда орналасқан 195 орамға да барды. Мұнда «Омега Строй» ЖШС тарапынан 10/0,4 кВ электр желілерінің құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, тұрғындардың игілігіне берілді. Ауыз су және табиғи газбен қамту мәселесі жыл соңына дейін шешімін табатын болды.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.