Версия для печати

345 ЖАС БАСПАНАЛЫ БОЛҒАН Избранное

Пятница, 16 Октябрь 2020 04:39 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 1597 раз
Оцените материал
(0 голосов)

Шымкент қаласында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 911 бала есепке алынған. Қорғаншылық және қамқоршылықта – 712 бала бар. Бүгінде оларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мақсатында 2016 жылдан бастап тұрғын үйдің кезегінде тұрған 29 жасқа дейінгі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 345 балаға кезек бойынша баспана берілген.

215

 

Сондай-ақ, 2019-2020 оқу жылында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 69 бала 11-сыныпты бітірген. Оның ішінде 20 бала – колледжге оқуға түскен болса, 23 бала мемлекеттік грант иегері атанған. Ал 16 бала ЖОО-ның ректорларының гранттарына ие болып оқу орындарына түсті.
Одан өзге, қорғаншылық және қамқоршылық, патронаттық тәрбиеде тәрбиеленіп жатқан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 661 балаға ай сайын асырап-бағуға жәрдемақы төленіп жатыр.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Қоғамдық-саяси газет қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.