Бұл қызмет көпшіліке кең танымал eGov.kz порталы арқылы көрсетілуде, дейді мамандар.
– Өтінімді рәсімдеу үшін «Электронды үкімет» порталына кіріп, авторизациядан өту керек. Содан кейін іздеу жүйесі арқылы «Көлік және коммуникациялар» қызметін табыңыз. «Автомобиль көлігі» бөлімшесінде «Мемлекеттік тіркеу нөмірі белгісі (МТНБ) және көлік құралының тіркеу куәлігін (КҚТК) үйге жеткізу» қызметін белгілеп, тапсырыс беруге болады, - дейді №2 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығының маманы Аиша Оңласбекова.
Айта кетейік, бұл қызмет ақылы. Көлік иесі МТНБ, КҚТК, мамандандырылған ХҚО атауы мен мекенжайын көрсете отырып, өтінімде көрсетілген барлық қажет ақпаратты толтыруы керек. Содан кейін баж салығын төлеп, ЭЦҚ арқылы немесе бір реттік смс-пароль арқылы тіркеледі. Бір реттік смс-пароль алу үшін қызмет алушы мобильді азаматтар базасында міндетті түрде тіркелуі керек.
Айта кетейік, нөмір белгісін таңдап, автокөлікті есепке қойып, мемлекеттік нөмір мен куәлікті онлайн жеткізуді рәсімдеуге болады. Жеке тұлғаларға ұсынылатын бұл қызметті көрсету уақыты – 1 жұмыс күні.