БАУЫРЖАН БАЙБЕК ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ АШЫЛУ РӘСІМІНЕ ҚАТЫСТЫ Избранное

Среда, 21 Октябрь 2020 04:24 Автор  Опубликовано в Қала Прочитано 305 раз

Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен «NUR OTAN» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек келді.

720

 

Ол қала әкімі Мұрат Әйтеновпен бірге Абай ауданындағы М. Водопьянов көшесіндегі құрылысы аяқталған тұрғын үйдің ашылу рәсіміне қатысты. Бүгінде ондағы тұрғындардың қуанышында шек жоқ. Себебі Водопьянов көшесі №1 «А» көп пәтерлі үйдің құрылысы аяқталды. Бір жыл алдын өртке оранған үйдегі 42 отбасы жаңа баспананың кілтін алады.
Тұрғындардың баспана мәселесін шешу мақсатында өрт болған үйдің орнына «Шымкент ӘКК» АҚ арқылы жоба құны 550,1 млн. теңгеге жаңа 5 қабатты 85 пәтерлі тұрғын үй тұрғызылды. Жұмысты мердігер «ОтауСтрой» ЖШС-і атқарды.
Партияның бірінші орынбасары аталған көп қабатты тұрғын үйдің пәтерлерін аралап, тұрғындармен тілдесті.

Редакция

Қалалық «Шымкент келбеті» «Панорама Шымкента» газеттері 1990 жылдың 21 шілдесінен бастап шығады. Басылымның құрылтайшысы - Шымкент қаласы әкімдігі. Шығарушы - «Шымкент ақпарат орталығы» ЖШС-і. Директор – Бахтияр Тайжан. Қоғамдық-саяси газет облыс, қаланың тыныс-тіршілігін сипаттап, жаңалықтармен хабардар етеді.